Панфилов аудандық "Жас келсе іске" атты маусымашар КТА ойындарында өнер көрсетіп, үздік әзілдері мен өнерлері үшін мектебіміздің "Көз тимесін" командасы финалға жолдама алды.
Х.Көбіков аом -те балалар жылына орай ПҰ Ғ.Абдрахманованың жетекшілігімен "Бақытты бала-болашақтың кепілі" атты концерт өткізілді. Оқушылар бар өнерлерін ортаға салды. Мақсаты : оқушылардың шығармашылығын дамыту, өнерлерін қолдау.
2022- жылдың қараша айында мектептің медициналық қызметкері А.Қожа және «Намыс» ұлдар ұйымының жетекшісі Есенов Ербосын, ДТІЖО-Л.Уразбекова «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізді. Жиналыста педагог-психолог-С.Ахметова оқушылармен қалыпты орта қалыптастыру үшін психологиялық жаттығулар жасатты. Мектептің медициналық қызметкері А.Қожа тақырыпқа орай слайдтар көрсетіп, есірткінің адам ағзасына зияны туралы түсінік жұмысын жүргізді. Нәтижесінде
2022 жылдың 21 қараша күні 7 «А» сынып жетекшісі Досай Гулмира «Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы ақпараты нақты айтты, сахна безендірілуі, киімдері талапқа сай болды. Оқушылар өз Отанының рәміздері туралы айтқанда белсенділік танытты. Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу.
Жетісу облысы бойынша өткізілген жасөспірім қыздар мен ұлдар арасындағы баскетбол турнирінде "Жас баскетболшылар" ақысыз үйірмесінің оқушылары жүлделі екінші орынға ие болды!
14-19.11 қараша аралығында Эврика бірлестігі апталығы өткізілді. Аталықтың ашылуы "Бүкіл әлем сөйлейді нақыт ғылым тілінде" атты тақырыппен ашылды.9-11 сынып оқушылары арасында "Озық ойлы оқушы" атты байқау, "Сандар сыры" ертеңгілік , "Математика ертегілер елінде" "қызықты физика сайыс " сабақ өтті. .
«Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігі жоспарына сәйкес 11 қараша күні ұйымдастырушы педагог-Ғ.Абдрахманованың ұйымдастыруымен «Өмір ағашы-менің шежіремнің тарихы» тақырыбында мектеп парламенті жастары арасында дөңгелек үстел өткізді.