Ата -аналарға кеңес » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата -аналарға кеңес
22
апрель
2022

Ата -аналарға кеңес

Балаларға жол ережесін үйретейік! (Ата - аналарға ақыл - кеңес) Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі - ең басты байлық. Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай, жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді. Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс - тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс - тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата - ананың міндеті. Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу іс - әрекеттері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс - әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс - әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ - жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі. Ата - аналарға жол жүру ережесі туралы жалпынама. 1. Балаға тек қана жол жүру ережесін үйретіп қана қоймай, оларға ерте жастан бағдарлау мен байқауды да үйрету қажет. Тәртіп дағдысын қалыптастырудың негізгі тәсілі әсірісе ата – аналардың, ересектердің сол тәртіпті сақтауына мән беруіне байланысты. Көптеген ата - аналар мұны түсінбей өздерінің жеке қылықтарымен, балаларына кері тәрбие берді. 2. Баламен жол бөлігінен өтер кезде, асықпай жолдан баяу алдыммен өтіңіздер. Әйтпесе сіздер қауіпсіздікті сақтап жүру керек жерден, асығып – үсігіп жүруге үйретесіздер. 3. Баланың жолды сіздерден бұрын өтіп кетуіне немесе жүгіріп өтуіне жол бермеңіздер – бұнымен сіздер оны жолдан өткенде жан – жағына жалтақтап қарай бермеуге үйретесіздер. Кішкентай баланынан мықтап ұстаған жөн, қолын тартып алмау үшін мұқият болыңыз – ол сәтсіз жағдайға ұшыраудың нақты себептерінің бірі. 4. Баланы қарауға үйретіңіз. Балада қатаң дағды қалыптастыру керек: тротуардан алғашқы қадамын жасаған кезде, ол басын бұрып жолдың барлық бағыттарын қарап шығуы тиіс. 5. Баланы жолда жүріп келе жатқан көліктерді немесе мотоциклдарды байқамайды. Оны алыстағы көліктерге назар аударуға үйретіңіз. 6. Баланы келе жатқан көліктің бағытымен жылдамдығын ажырата білуге үйретіңіз. Баланы қай көліктің тура кететіндігін, қайсысы бұрылатындығын анықтауға үйретіңіз. 7. Көліктің қандай түрі болмасын ол тоқтап тұрған кезінде ғана шығуға және кіруге болатындығын балаға үйретіңіз. Балаға жүріп келе жатқан көліктен неге секіруге болмайтындығын үйретіңіз. Жол ережесі туралы не білеміз? (Ата-аналарға ақыл-кеңес) Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық . Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді. Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс-тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті. Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу іс-әрекеттері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі. Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету- ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы. Бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен, жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен) таныстыруды жүзеге асыру көзделген. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін , оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, мектепке дейінгі ұйымда балабақша тәрбиешілері бірлесіп, балаларға жол ережелері туралы үйретер болсақ, балалар жол апатының алдын алар едік. Жол ережесін есте сақта Ата-аналар балаларына көшелер мен жолда жүру ережесін білуде үлгі көрсетеді. Егер баланың ең жақын адамы жолда жүру ережесін сақтамаса, онда балаға жолда жүру ережесін мектепте оқытудың ешқандай пайдасы жоқ. Ата-анасы жол ережесін бұзса, баласы да оларға еліктеп, жолда жүрудің денсаулық пен өмірге қауіпті әдеттеріне дағдыланады. Бұл орны толмас қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан бүгінгі қоғамда өз балаларының қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапты екендігін, сол үшін олардың дұрыс үлгі көрсету керектігін түсіндіру қажеттігі туындады. Осы мақсатта әрқилы шаралар қабылданып, әртүрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Барлық білім мекемелерінде ата-аналарға осы бағытта ақыл-кеңестер беріліп, жиындар өткізіліп, буклеттер таратылуда. Бұндай істер біздің ауданда да күнделікті өткізіліп тұрады.Баланы қарауға үйретіңіз. Балада қатаң дағды қалыптастыру керек: тротуардан алғашқы қадамын жасаған кезде, ол басын бұрып жолдың барлық бағыттарын қарап шығуы тиіс. Көбінесе ата-аналар көшелер мен жолдарда өзін-өзі ұстау тәртібін балаларына олар 5 - 6 жасқа толғанда, яғни бірінші сыныпқа барарда үйретеді. Бірақ, баланың өмірлік әдет-дағдылары ерте бастан қалыптаса бастайды. Сол себепті бала бір жарым, екі жасқа толған кездің өзінде онымен бірге көшеге шығып, баланың бойында «көліктен сақтану» дағдысын қалыптастыру қажет деп ойлаймын.Ата-ана болып тәрбиешілер баланың өміріне белсене ат салыссақ, болашағын осы кезден бастап ойласақ өте өнегелі, тәрбиелі бала өсіреміз деген ниеттемін .Жол жүру ережесін әр бала білуі тиіс, өйткені ол өмір саулығы, болашағы. Балабақшада балаларға жол жүру ережесін үйретеміз, бағдаршаммен таныстырамыз, әрқашан өткін жол мен өтуді ережені бұзбауға тәрбиелейміз. Сондықтан әрбір бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы ісәрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті