05
май
2025
Грек -рим күресі
Жетіс облысы Панфилов ауданы Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 05-мамыр күні өткізілген лездемеде мектебіміздің оқушылары Алмалы мен Басқұншы ауылдарындағы Грек-рим күресі мектебінің негізін қалаушы,Қазақстан Республикасы және Азия ойындарының жүлдегерлерін тәрбиелеген,ұлағатты ұстаз,білікті бапкер Мержиков Ғалым Жұмаділұлын еске алуға арналған турнирге қатысты.
Аталған еске алу турнирі 2012-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында Грек-рим күресінен облыс көлемінде өткізілді.
Осы турнирде 60 кг салмақ дәрежесінде Айтмұхамет Тәлеилі ерекше шеберлік танытып 1-орын,Иманғазы Ерсін 30-кг салмақта 1-орын,Айдақын Мұхаммед 25-кг салмақта 2-орын,Қалақаман Асылжан 30-кг салмақта 3-орын иеленді.
Оқушыларымызға болашақта да толағай табыстар мен биік белестерге жетуіне тілектеспіз!