«Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары»
Педкеңес тақырыбы: «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары»
Бүгінгі педагогикалық кеңестің құрамын сайлау
Күн тәртібінде
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының
басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы.
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы.
Мектеп директоры:
15 тамызда Республикалық тамыз конференциясына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысты. Президент өз сөзінде ұстаздар қауымының қоғамдағы орны мен рөлін айрықша атап, «ұстаз – ұлттың шамшырағы» деді. Бұл педагогтерге берілген жоғары баға мен жауапкершілік деп білеміз.
Атап өтілген мәселелер туралы толығырақ Республикалық тамыз конференциясының бейнеролигінен қарауды ұсынамын.
ҚР Президенті қатысуымен өткен Республикалық тамыз конференциясы бойынша бейнеролик қарау
Сілтемесі https://disk.yandex.kz/i/Lsm8_zf-idhO7w
Әріптестер, бағыт – айқын, мақсат – анық, сапалы жұмыстарды бірлесіп атқарамыз. Білім сапасын жақсарту мұғалімнен ізденімпаздықты, шығармашылықты, жаңашылдықты қажет етеді.
Тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы білім саласында атқарылған жұмыстар, қол жеткізілген жетістіктер және алдағы уақыттағы басым бағыттар жөнінде кеңінен баяндады. Бұл туралы бейнероликтен толығырақ танысыңыздар.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген бейне роликті қарау
Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің әдістемелік-нұсқаулық хаты ДОІЖО Н.Рахимбекова
- «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы туралы ДТІЖО Л.Уразбекова
Тыңдалды:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Рахимбекова
2025-2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат жалпы білім беретін мектептерде білім беру оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың барлық аспектілері бойынша ғылымға негізделген әдістемелік ұсынымдар мен нұсқауларды қамтиды.
2025-2026 оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33, 2–11(12)-сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бағдарламаларының сабақтастығы сақталуы тиіс.
Биылғы оқу жылында жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізілетін болады. Жасанды интеллект – педагогті алмастыратын құрал емес екендігін атап өту қажет. Оны дұрыс қолдану оқу процесін оңтайландыруға, білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жасанды интеллектіні қолдану этикасын ұстану үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген Жасанды интеллектіні оқу процесінде қолданудың этикалық талаптары негізге алынады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау нәтижелілігі мен объективтілігі академиялық адалдық қағидаттарының сақталуына тікелей байланысты.
«Академиялық адалдық» білім беру процесінде зияткерлік еңбекке жауапкершілікке қарауды қалыптастыруды көздейді. Сондықтан академиялық адалдық нормалары мектептің ішкі тәртіп ережелеріне енгізілуі тиіс. Сонда ғана ішкі бағалау объективті болады.
Келесі мәселе – инклюзивті білім беру. 2025 жылғы 29 сәуірде «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің №92 бұйрығы бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын күшейту қажет.
Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға үш деңгейлі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі көрсетіледі: сынып деңгейінде – педагогтер тарапынан; мектеп деңгейінде – ӘППҚ мамандары мен педагогтер тарапынан; мектептен тыс деңгейде – қажет болған жағдайда бейінді мамандарды тарта отырып.
Жалпы сөзімді қорытындылай келе оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда аталған ерекшеліктер мен басым бағыттар биылғы оқу жылында ескерілуі қажет.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!
2-ші мәселе бойынша:
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы туралы тәрие ісі жөніндегі орынбасар баяндайды.
Тыңдалды:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Уразбекова
Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде іске асырылады.
2025-2026 оқу жылында құндылықтардың әр айға бөлінісі сақталып, 6 жоба, 5 алдын алу шарасы негізінде іске асырылады. Әр сынып сағатының 10 минуты «Жеке қауіпсіздікке» арналады.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында келесідей мәселелерге назар аудару ұсынылады:
Білім мен тәрбиенің тұтастығына баса назар аударып, «Адал азамат» құндылығын оқу тапсырмаларының мазмұнына кіріктіріп, пәннің тәрбиелік әлеуетін күшейту қажет.
«Отбасы – мектеп – мемлекет» үштағанының біртұтас үйлесімін нығайту қажет. Осы мақсатта Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының әлеуетін арттыру, оларды жүйелі диалог пен әріптестікке тарту ұсынылады.
Ата-аналар комитеті мектеп формасын сақтау, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне қатысты жұмысты мектеппен бірлесіп атқаруы қажет.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын мектептің өзін-өзі басқару ұйымын, ата-аналарды тарту арқылы жүзеге асыру ұсынылады.
Қорытындылай келе, аталған басты мәселелер тәрбие жұмысын ұйымдастыруда назарға алынсын.
Назарларыңызға рақмет!
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы
Қаулы:
- жұмыс барысында «2025-2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хатты басшылыққа алсын,
- «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын іске асыру сынып жетекшілердің жұмыс барысында назарға ілінсін. Жұмыстың барысын қадағалау тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Л.Уразбековаға тапсырылсын
- Ұстаздар білім беру процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен қолдансын. Сабақ барысында ЖИ қолдануды бақылау ДОІЖО Н.Рахимбекова мен ДӘІЖО А.Мержиковаға жүктелсін
- мектеп әкімшілігі білім беру ұйымының негізгі міндеттері ретінде білім беру сапасын арттыру, функционалдық сауаттылықты дамыту, білім алушылардың оқу жетістіктерін жақсартуды айқындап, мониторингісін шығарып отыру ДОІЖО Н.Рахимбековаға тапсырылсын
- директордың бағыттар бойынша орынбасарлары жұмыс жоспарларына білім сапасын арттыру және білім алушылардың құзыреттерін дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлары жасалып, бекіттірілсін.
- директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Л.Уразбекова қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлесін.
Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы
1.Мектептің оқу-тәрбие жоспары. Жұмыс оқу жоспары ДОІЖО Н.Рахимбекова
1.1 Тәрбие жұмысының жоспары ДТІЖО Л.Уразбекова
1.2Педагог-психологтың жұмыс жоспары С.Ахметова
1.3 Инклюзивті білім беру педагог-дефектолог Н.Әуелбекова
2.Мектептің білім алушылар тізімдік құрамы ДОІЖО Н.Рахимбекова
3. Педагогтердің оқу жүктемесі . Кабинет жетекшілер бекіту. Сынып жетекшілерді бекіту. Әдіс бірлестік жетекшілерін бекіту. ДОІЖО Н.Рахимбекова
4.Сабақ кестесі ДОІЖО Н.Рахимбекова
5.Мектепті дамыту жоспары . ДОІЖО Н.Рахимбекова
6.Педагогикалық кеңес жоспары. ДОІЖО Н.Рахимбекова
7. Әдістемелік кеңес жоспары ДӘІЖО А.Мержикова
8. Мектепішілік бақылау жоспары ДОІЖО Н.Рахимбекова
9. Педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары
ДӘІЖО А.Мержикова
Тыңдалды:
1.Мектептің оқу-тәрбие жоспары. Жұмыс оқу жоспары ДОІЖО Н.Рахимбекова
Мектептің оқу-тәрбие жоспары.
Мектеп ұжымының тақырыбы: « Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуда нәтижеге бағытталған білім бере отырып құзыретті оқушы қалыптастыру»
Мақсаты:
• оқытудың білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын зерттеу және жобалау жұмыстарының негізінде қалыптастыру және дамыту;
• өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру;
• қоғамдық әлеуметтік өмірге бейімделген, жоғары интеллектуалды Қазақстан Республикасының азаматтығын қалыптастырып, әлеуметтік сұранысты орындау;
• оқушыны қабілет ерекшелігіне қарай кәсіпке бейімдеу, кез-келген мәселелік жағдайға ғылыми болжам жасаудың негіздерін үйрету.
Міндеттері:
ҚР «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру
ҚР Білім беру стандартына сәйкес білім беру
М А З М Ұ Н Ы
I – БӨЛІМ : Кіріспе
2024-2025 оқу жылының қорытындысы
2025-2026 оқу жылының міндеттері
II – БӨЛІМ: Жалпыға бірдей орта білім беруді іске асыру әрекетін ұйымдастыру
III – БӨЛІМ: Педагог кадрлармен жұмыс жүйесі. Әдістемелік жұмыс. Педагогикалық біліктілік пен
шеберлікті арттыру
IV - БӨЛІМ: «Адал азамат » біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.
V – БӨЛІМ: Мектепішілік бақылау жүйесі. Әкімшілік бақылау әрекеті
VI – БӨЛІМ: Мектептің оқу материалдық базасын нығайту және жаңа оқу жылына әзірлік жұмыстары
VIІ – БӨЛІМ: Ұйымдастырушылық іс-шаралар. Лауазымдық міндеттер
Оқу тәрбие жоспарыннан мектеп ұжымы іс-әрекетінің барлыќ бағыты бойынша қажетті нақты ақпарат алуға болады. Ал бұл іс мектептің жай-күйіне объективті баға беріп, басқаруда тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Оқу жұмыс жоспары — білім алушылардың білім алу мүдделерін ескере отырып, үлгілік оқу жоспары негізінде жалпы орта білім беретін ұйымдар әзірлейтін құжат.
Жұмыстық оқу жоспары оқу жылы басталғанға дейін мемлекеттік білім стандарты, үлгілік оқу жоспары және бағдарламаларға сәйкес жасақталады.
Жұмыстық оқу жоспары педагогикалық кеңесте қаралып, бекітіледі және хаттамаға бекітілгендігі туралы енгізіледі.
Жоспарға бекітілгендігі туралы мектеп директорының қолы қойылып, білім бөлімімен келісіледі.
Бекітілген оқу жоспарына сәйкес оқу жылына арналған сағат жүктемесі бөлініп, сабақ кестесі жасақталады.
Биылғы 2025-2026 оқу жылында
1-4 сыныптар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2024 жылғы 8 ақпандағы
№ 27 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 500 бұйрығына 1-қосымшамен
5-9 сыныптар
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 26 қазандағы
№ 323 бұйрығына 6-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы
№ 500 бұйрығына 6-қосымша
10-11 сыныптар Жаратылыстану-математикалық бағыт
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 26 қазандағы № 323 бұйрығына 132-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 86 - қосымшасы
10-11 сыныптар Қоғамдық- гуманитарлық бағыт
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 26 қазандағы № 323 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 85 –қосымшасымен сағат сандары анықталып, мұғалімдерге апталық жүктемелері бөлініп берілді.
2025-2026 оқу жылында үйден оқитын оқушы жоқ.
Мектептің білім алушылардың тізімдік құрамы.
Білім алушылар оқу жылының тамыз айының 28 күні топтастырылып , бұйрық журналда жазба арқылы ресімделіп, директордың қолымен және мектеп мөрімен бекітілді.
Оқушылар Ұлттық бірыңғай деректер қорына , білім класс электронды журналға ензілді.
Мектептің даму жоспары – білім беру ұйымының белгілі бір кезеңге арналған стратегиялық құжаты. Ол мектептің мақсаттарын, міндеттерін, басым бағыттарын және қол жеткізу жолдарын нақтылап көрсетеді.
МДЖ 2023 – 2028 жылдарға арналып дамыту бағдарламасы жасалған
Мектепке жалпы сипаттама, қазіргі ахуалын, кадрларға толық сипаттама бере отырып, жетістіктері сараланды. Келешектегі оқу жылдарына жоспар жасалып, өткен оқу жылына свод талдау жасалды. Күтілетін нәтижелер анықталып бес жылға жоспар жасалды.,
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.
Педагогикалық кеңестің жұмысы бір оқу жылына әзірленетін және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.
Педагогикалық кеңес отырысының уақыты, орны және тәртібі мектеп әкімшілігімен келісіледі.
Мектептебімізде педагогикалық кеңес 8 отырыстан тұрады. Әр тоқсан соңында педагогикалық кеңес өткізіліп отырады.
Мектепішілік бақылау
Өздеріңіз білетіндей, мектепішілік бақылау - бұл білім алушылар мен педагогтердің жалпымемлекеттік талаптары мен сұраныстарына сәйкес оқу-тәрбие процесінің жай-күйін бағалау жүйесі.
Мектепішілік бақылаудың мақсаты білім беру ұйымының қызметін жетілдіру, оның ішінде білім беру мен тәрбиелеу сапасын жақсарту, педагог қызметкерлердің кәсібилігін арттыру болып табылады
Өткен оқу жылының қорытындысы бюойынша жасалған талдау мен ұсынымдарды ескере отырып мектептің МІБ жоспары жасалды.
МІД 6 бөлімнен тұрады. Әр тарауда назарға ілінген , зерделеу қойылған ,
Тексеруге жататын іс шаралар белгіленді. Слацдтан оқу
Педагог.біліктілігін арттыру
Мектепте 34 мұғалімдердің біліктілік курстан өту бойынша перспективалық жоспары жасалды.
Қазіргі уақытта ұстаздар БАҰО Өрлеу мен Назабаев зияткерлік орталығынан курстан өтуде
Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы
Қаулы:
- мектептің 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары бекітілсін.
- мектептің оқу жұмыс жоспары, оқу жүктемесі (тарифтеу), сабақ кестесін жасап бекіту ДОІЖО Н.Рахимбековаға, мектепті дамыту жоспары, педагогикалық кеңестің жоспары, мектепішілік бақылау жоспары ДОІЖО Н.Рахимбековаға, ДӘІЖО А.Мержиковаға, ДШІЖО Р.Мустафаеваға, әдістемелік кеңестің жоспары, педагогтердің біліктілігін арттыру жоспары ДӘІЖО А.Мержиковаға, сынып жетекшілер, бірлестік жетекшілер, кабинет жетекшілерін бекітіп бұйрық шығару өзіме қалдырамын.
- жауапты тұлғалар бекітілген жоспарлардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3.Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы
1.Санитарлық нормалардың сақталуы Р.Мустафаева
2.Білім алушыларды тамақтандыру . Әлеуметтік педагог М.Нургамитова
3.Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету Р.Мустафаева
4. Мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібі ережелері ДТІЖО Л.Уразбекова
Тыңдалды
ДШІЖО Р.Мустафаева
Білім беру ұйымдарындағы нормалар мен ережелерді талқылау, санитарлық нормалардың сақталуы
Білім беру ұйымында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұратын ұйымдастыратын объекті аумағында сәулет-құрылыс және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарға сәйкес барлық периметр бойынша қоршау болуға тиіс. Қоршау зақымдалмаған болу керек.
Мектеп аумағының учаскесінің кіру жолдары, көлікпен өту жолдары, шаруашылық қоқыс қалдықтарын жинайтын алаңдарға апартын жолдар асфальтталған , бетонмен немесе тазалауға қолжетмді басқа да қатты жабынмен жабылған.
Білім беретін ұйымдарындағы сыныптар оқу кабинеттерінің ауданы бір білім алушыға шаққанда 2,5 шаршы метр нормасы белгіленген талапқа сай орындалған.
Технологияны және еңбекті зерделеу шеберханаларының сондай –ақ бағыттар бойынша оқытуға арналаған шеберханалардың ауданы бір білім алушыға 3,7 метр квадратты құрайды. Бұл талапқа сай норма.
Әрбір ауысымда бір білім алушыға шаққанда аудан нормалары санитарлық қағидалардың талаптарын сақтаған жағдайда оқудың екі ауысымдық режимі сақталды.
Спорт залдың жылыту жүйесінің радиаторлары терезе астындағы қуыстарда орналастырылды және торлармен жабылды немесе еденнен биіктігі 2,4 метрде орналастырылған. Терезелерде және жарықтандыруда қоршау құрылғылары орнатылды.
Оқу жағдайындағы кабинеттер едені ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға ыңғайлы линелиум төсілді.
Тыңдалды:
2.Білім алушыларды тамақтандыру . Әлеуметтік педагог М.Нургамитова
Білім беру ұйымдарында ыстық тамақты ұйымдастыру келесі нормативтік құжаттармен реттеледі:
*ҚР ДСМ 2020 жылғы № 302/2020 бұйрығы– білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандарттары;
*2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін жаңа өзгерістер (ланч пакет, мәзір талаптары, санитарлық нормалар); ҚР «Білім туралы» заңы; ҚР *«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі; ҚР БҒМ мен ДСМ бірлескен бұйрықтары және санитарлық ережелер
Мектебімізде 1-4 сыныптарда 124 оқушы, 5-9 23 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.
Тыңдалды:
3.Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету Р.Мустафаева
Қазірге таңда балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынуда. Сол себепті бала қауіпсіздігіне немқұрайды қарамаған жөн. Б|алалардың қатысуымен көптеген қайғылы жағдайлар орын алуда. Білім беру мекемесінде Білім беру объектілерінде қолайлы және қауіпсіз
орта қалыптастыру басты міндеттердің бірі.
Мектебімізде турникет, дабыл түймелері бар. Мектептің ішкі және сыртқы бөлігін бақылайтын 70 камера жұмыс істеп тұр. 23 камера ЦОУға қосылған. Жасөспірімдердің отпен оинауға ата-аналардың балаларына кез келген нарсемен ойнауын назардан тыс қалдырылуы түрлі өрт жағдайларын туындатады. Сол себепті отпен оинау қандай жағдайларға ұшырататыны жайлы мектеп дәліздерінде нұсқаулықтар, көрнекіліктер ілінген.
Қаулы:
- директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Мустафаева нұсқау өткізу, өртке қарсы қауіпсіздіктің жай-күйін және бейнебақылау жүйесін тұрақты тексеруді қоса алғанда, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
- директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Мустафаева және медицина қызметкері М.Майкотова мектепте санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етсін.
- медициналық қызметкер М.Майкотова азық-түлік сапасын бақылауды және тамақтандыруды ұйымдастыруда санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын қамтамасыз етсін.
- мектеп қызметкерлері үшін Ішкі тәртіп ережелері және мектептің жұмыс кестесі бекітілсін. Шараға жауапты болып ДТІЖО Л.Уразбековаға тапсырылсын




