“Айгөлек” бастауыш бірлестігінің апталығы » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Айгөлек” бастауыш бірлестігінің апталығы
10
ноябрь
2025

“Айгөлек” бастауыш бірлестігінің апталығы

Х. Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  бастауыш сыныптар апталығының қорытынды есебі
Бастауыш сыныптар арасында өткен
«Бастадым білім нұрын-бастауыштан» атты апталықтың қорытынды есебі
Бастауыш сынып апталығы 10 -шы  қарашадан 14-ші қараша аралығында болып өтті. Апталық басталмас бұрын апталықтың жоспары құрылып, әдістеме бірлестігінің екінші отырысында талқыланды және бекітілді.
10 қараша – 14 қараша 2025 жыл аралығында “Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш бірлестігінің “Айгөлек” апталығы бекітілген жоспарға сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Апталыққа бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары белсене қатысты.

Апталықтың мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін жетілдіру және оқу-тәрбие процесін жандандыру.
Апталық барысында өткізілген іс-шаралар:
         1.      Апталықтың ашылу рәсімі «Бастадым білім нұрын-бастауыштан»
Оқушылар ән, би және өлеңдермен апталықты көтеріңкі көңіл күйде ашты.
         2.      Ашық сабақтар:
Бастауыш мұғалімдері түрлі пәндер бойынша жаңартылған білім мазмұнына сай әдіс-тәсілдерді қолданып, ашық сабақтар өткізді.
         3.      Шығармашылық сайыстар:
         •        “Шебер қолдар” көрмесі
         •        “Жылдам есептеуші” көңілді қоңырау
         •        “Абай өлеңдері” байқауы
         •        Зияткерлік ойындар мен танымдық жарыстар
         4.      Тәрбие бағытындағы жұмыстар:
         5.      Әдістемелік іс-шаралар:
Нәтижесі:
         •        Оқушылардың шығармашылық, зияткерлік белсенділігі артты.
         •        Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу тиімді жүзеге асты.
         •        Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы күшейіп, танымдық деңгейі көтерілді.
         •        Бастауыш бірлестігінің әдістемелік жұмысы жанданып, бірлескен іс-әрекет нығая түсті.
“Айгөлек” бастауыш апталығы өз мақсатына толық жетіп, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.
Апталықтың бірінші күні апталықтың ашылу салтанатына орай сап түзеу болды. Бұл сап түзеу барысында апта бойында өткізілетін іс - шаралардың жоспары, апталықтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып өтті.Апталықтың ашлуына орай оқушылардың өнерлерін ортаға салды.Оқушылар арасында ойындар ойнатылып сый сияпаттар берілді.
 Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Апталықта Жасанды интеллект технологияларды пайдалана отырып,бастауыш бірлестік мүшелері әр сабақта оқушыларға терең де тиянақты білім берді.Бастауыш сынып оқушылары апталыққа белсене қатысып білімдерін ,өнерлерін көрсете білді.Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді. Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларын практика жүзінде танытты.
Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апта бойы пәндер бойынша қызықты сөзжұмбақтар мен
тапсырмалар, логикалық есептер ілінді. Оқушылардың қызығушылықтары жоғары болып, белсенділіктерін танытты
2025 жылы 10 қараша күні «Айгөлек» бастауыш сынып бірлестігінің «Бастадым білім нұрын-бастауыштан» атты апталықтың ашылу салтанатты   жиынын  бастауыш сынып мұғалімі Дәуен С.А  өткізді. 
    Апталықтың мақсаты; бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және пәндер бойынша алған білімдерін практикада қолдануға үйрету.
Апталықтың ашылу салтанатында оқушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, көріністер қойды, ән мен би өнерлерін көрсетті. «Білімдер еліне саяхат, Тапқырлар әлемі» сияқты танымдық ойындар ұйымдастырылып, балалар белсене қатысты. Іс-шараға бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Апталықтың ашылуы өз деңгейінде ұйымдастырылып, тәрбиелік және танымдық маңызы зор болды.
Апталықтың бірінші күні 10 қарашада 1 «ә» сыныбының мұғалімі Абишова Айжан  әліппе пәнінен «І дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырып, оқушылардың дыбысты дұрыс тануы мен әріпті сауатты жазуын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар орындады. ЖИ тиімді қолдана отырып Жи арқылы "І дыбысы мен әрпін" түсіндірді.Сабақта "Іздер " ойыны арқылы өткен тақырыпты сұрады. Топтық жұмыс жүргізді әр топқа суреттер үлестіріп , сурет бойынша   дыбыстық талдау жүргізілді."Word wool" программасы арқылы сабақты бекітті.Дәптермен жұмыс болды .Балалардың саусақ моторикасын дамыту мақсатында "І дыбысы мен әрпінің сұлбасын ермексаздан оқушылар  жасады ."Gynzy com." платформасында "Бағдаршам" арқылы сабаққа оқушылар кері байланыс берді.
Апталықтың екінші  күні 11 қарашада Сарсенбаева Гүлбазар "Шебер қолдар" атты көрме ұйымдастырды.Оқушылар өз қолдарымен жасаған әр түрлі бұйымдарын дайындап әкелді. Аптаның соңына дейін балалардың жұмыстары қабылданып, көрмеге қойылып отырды.

Аптаның үшінші күні 12  қарашада Қасенова Бибігүлдің ұйымдастыруымен ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайысқа 1-4 сынып оқушылары қатысты. Әсіресе өз мәнерімен, дикциясымен көңіл алған Тұрсын Аяна, Нұржан Нұрбике,  Атанбек Айару, сынды оқушылар болды. Мәнерлеп оқу сайысында І орынға ие болған оқушылар: Нұржан Нұрбике, ІІ орынға ие болған оқушылар - Атанбек Айару , Нұржан Нұрбике,. ІІІ орынға Райманап А иеленді. Іс-шараға белсене қатысқан оқушылар да іріктеліп, марапатталды

2025 жылғы 12 қарашада 3-сыныпта әдебиеттік оқу пәнінен бастауыш сынып мұғалімі Сарсенбаева Г. И. М. Дулатовтың «Күз» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
 Қара сөз мәтініндегі көркем ойды айтуға, оны түсініп жеткізуге үйрету.

Сабақ барысында берілген әрбір тапсырма оқу мақсаттарына бағытталып, түрлі әдіс-тәсілдермен ЖИ (жасанды интеллект) мүмкіндіктері қолданылды.
Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңінде оқушыларға аудио тыңдатылып, көздерін жұмып тыңдау арқылы дыбыстарды болжау, елестету және олардың өмірде қай мезгілде кездесетінін анықтау жұмыстары жүргізілді. Осы арқылы күз мезгіліне тән ерекшеліктер ашылды.
ҚБ: «Себет» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Сонымен қатар ауызша мадақтауда қолданылды.
Оқушылар «Күз» мәтінімен жұмыс жасап, функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған кесте, «Сезімдер поштасы», «Суретші болайық» әдістері арқылы күз туралы мәліметтерді өмірмен байланыстырып, осы мезгілдің ерекшеліктерімен молшылық кезеңі екенін анықтады.
Мұғалім ЖИ қолдана отырып, М. Дулатовтың өмірбаяны мен оқушыларды қысқаша таныстырды.
Сергіту сәтіде күз тақырыбына байланысты ұйымдастырылып, оқушылар мұғалім мен бірге «Жаңбыр» сергіту қимылдарын орындады.
Сыныптағы ЕБҚ оқушысының жеке мүмкіндіктері ескеріліп, оның оқу процесіне белсенді қатысуына жағдай жасалды. Оқушы өздеңгейіне сәйкес тапсырмаларды орындап, сыныппен бірге жұмысқа тартылды.
Сабақ «Жауған сұрақтар» әдісі арқылы қорытындыланды. Оқушылар мен кері байланыс жүргізілді.
Мұғалімге ұсыныс:
ЖИ құралдарын жиі пайдаланып, сабақта кеңірек қолдану.
2025 жылдың 12 қарашада 2 «Ә»сыныбында математика пәні бойынша «Екі таңбалы сандарды разрядтан аттап жазбаша азайту» тақырыбында ашық сабақ өтілді.
Мақсаты:Оқушыларға екі таңбалы сандарды разрядтан аттап жазбаша азайту алгоритмін меңгерту.
   Разряд ұғымын нақты түсіндіру және азайту кезінде ондықтарды «айырбас» жасау дағдысын қалыптастыру.
Оқушылардың математикалық ойлауын, логикасын, есептеу мәдениетін дамыту.
Тапсырмалар орындау арқылы ұқыптылыққа, ынтамен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Балалардың белсенділігін арттыру мақсатында шаттық шеңбері арқылы өткенді еске түсіре отырып, жаңа сабаққа кіріспе жасадым.  
Сабақ тақырыбымен мақсатын Learningapps нұсқасы бойынша  балалар танысты.
Тақырыпқа байланысты суреттер , ойындар берілді.

Топтық жұмыс барысында балалар тапсырманы өз деңгейінде орындады. Белсенділік танытқан балалар мақтау, мадақтауға ие болды 


«Қоржын» әдісі арқылы балалар кері байланыс жасалды. Балалар «Мен сабақты өте жақсы түсіндім»,«Мен сабақты орташа деңгейде түсіндім» және «Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек» деген үш қоржынның бірін таңдап ішіне асықтар салып, кері байланыс жасалды. 
Сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақ мақсатына жетті. Қамтылмай қалған тапсырмалар болмады. Балалар белсенді түрде қатысып, өз ойларын толық жеткізіп, пікір алмасып отырды.
Аптаның төртінші күні 13 қарашада 4"А" сыныбында математика пәнінен Қасенова Бибігүл "Пысықтау және қорытындылау тақырыбында ашық сабақ өтті.
2025 жылдың  13 қарашада 4 «Ә»сыныбында математика пәні бойынша «Көптаңбалы сандарды екітаңбалы сандарға жабаша бөлу» тақырыбында ашық сабақ өтілді.
Мақсаты:Оқушылар екітаңбалы санға жазбаша көбейту және бөлуалгоритмдерін қолданады.
Оқушылардың математикалық ойлауын, логикасын, есептеу мәдениетін дамыту.
Тапсырмалар орындау арқылы ұқыптылыққа, ынтамен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Балалардың белсенділігін арттыру мақсатында пазл құрастыру арқылы өткенді еске түсіре отырып, жаңа сабаққа кіріспе жасадым.
Сабақ тақырыбымен мақсатын Learningappsнұсқасы бойынша  балалар танысты.
Тақырыпқа байланысты суреттер, ойындар берілді.



«Бағдаршам» әдісі арқылы балалар кері байланыс жасалды. Балалар «Мен сабақты өте жақсы түсіндім»,«Менің сұрақтарым бар» және «Тақырыпты түсінбедім» деген үш бөлімнің бірін таңдап, кері байланыс жасалды. 
Сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақ мақсатына жетті. Қамтылмай қалған тапсырмалар болмады. Балалар белсенді түрде қатысып, өз ойларын толық жеткізіп, пікір алмасып отырды.
Аптаның бесінші  күні 11 қарашада 2"А" сыныбында математика пәнінен «Жүздіктер.Жүздіктерді қосу және азайту.Жүздіктерді салыстыру» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 
Сабақтың мақсаты:  Оқушылар   санаудың жаңа бірлігі жүздің қалай құрылғанын біледі және жүздіктермен санауды, жүздіктерді жазуды,салыстыруды,қосып азайтуды біледі.
Сабаққа  директордың әдістемелік орынбасарының м.у.а М.Айжан, бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Абишова А, пән мұғалімдері қатысты. Сабақта түрлі әдістер қолданылды, оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ соңында сабаққа талдау жүргізілді.Бірлестік жетекшісі Абишова А сабақтағы жетістіктер мен кемшіліктерді айтып өтті.
  Нәтижесінде оқушылар жүздіктердің қалай құрылатынын, жүздіктермен санауды,жүздіктерді қосып,азайтуды,жүздітерді салыстыруды үйренді. Сабақ өз мақсатына жетті.

«10 санының тура және кері санауы» тақырыбы Кашкенова Г.Қ. Мектепалдыдаярлық (МАД) сыныбында балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруға бағытталған ашық сабақ өтті. Тура санау – 1-ден 10-ға дейінсандардыңбіртіндепөсуі, ал керісанау – 10-нан 1-ге дейінкеміпотырудыбілдіреді.
Бұл тақырып балалардың логикалық ойлауын, есте сақтауын, реттік санды түсінуін, сондай-ақ сандық қатарды дұрыс қолдануын дамытады.Оқушылар ойын түрінде тапсырмаларды орындау арқылы оңай және қызықты түрде үйренеді.
Мысалы:
Сандық карточкаларды ретімен орналастыру;
«Сана да, жүгір!» ойыны арқылы тура және кері санау;10-нан 1-ге дейін секіріп санау;
«Қай сан жоқ?» ойыны арқылы сан қатарының ретін табу.
Ойын арқылы ұйымдастырылған жұмыс балалардың елсенділігін арттырып, жылдам ойлауын, дұрыс шешім қабылдауын және оқу процесін еқызығушылығын күшейтеді.


14.11 күні апталықтың жабылу жиыны болды. 
Бұл апталықта бастауыш сынып мұғалімдері оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана білді, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырды, өз шығармашылықтарын шыңдап, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және білімдерін шыңдады. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп ойлаймын.






Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі: А.Ж. Абишова