«МЕЙІРІМ» бірлестігі
15-19 желтоқсан аралығында «МЕЙІРІМ» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мейірім - өмір шуағы» тақырыбында апталық өтті.
Апталықтың мақсаты – ЕББҚЕ оқушылардың мектеп ұжымымен өзара әрекеттесуін арттыру, «Көңілді кеш», «Көңілді қоңыраулар», «Жақсылық себеті», «Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық акциясы арқылы оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту, мейірімділік пен жанашырлық сезімдерін қалыптастыру.
«МЕЙІРІМ» арнайы мамандар бірлестігі апталығының жұмыс жоспары
р\с | Іс-шара атауы | Мерзімі Уақыты | Жауапты мамандар |
1 | "Жанға қуаныш сыйла" апталықтың ашылуы «Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық акциясы «Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі» 9-11 сынып оқушылар арасында пікірталас | 15.12.2025 08:00-08:10 10:30-11:00 15:00-16:00 | Бірлестік мүшелері Педагог-логопед Г.Досай Кәсіби бағдар беруші Г.Момбекова |
2 | Көңілді қоңырау 1-2 сынып оқушыларымен «Менің жетістігім» мотивациялық сабақ ЕББҚЕ оқушылармен | 17.12.2025 10:30 -11:05 15:05-15:40 | Асисстент А.Ақбаева Психолог С.Ахметова |
3 | «Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық акциясынан түскен қаражатқа оқушыларға сыйлықтарын табыстау «Жақсылық себеті» | 18.12.2025 10:00-10:30 16:00-17:00 | Педагог-логопед Г. Досай Психолог САхметова Әлеуметтік педагог М.Нургамитова |
4 | Көңілді қоңырау 3-4 сынып «Көңілді кеш» мектеп ұжымы «Мамандықтың бір күні» Жайдарман әзіл кеш | 19.12.2025 12:00-13:00 16:00-17:00 | Арнайы маман Н.Әуелбекова Мейірім бірлестігі Кәсіби бағдар беруші Г.Момбекова |
«Мейірім» арнайы мамандар бірлестігі апталығының жұмыс жоспарына сәйкес 15 желтоқсан күні сағат 7:00де ашылуы өтті.
«Жанға қуаныш сыйла» - психологиялық апталықтың ашылу тақырыбы адамның ішкі жан дүниесіне көңіл бөліп, жағымды эмоцияларды арттыруға, мейірімділік пен жылулықты насихаттауға бағытталған, Бұл тақырып арқылы қатысушылардың психологиялық саулығын нығайту, өзіне және өзгеге қуаныш сыйлаудың маңызын түсіндіру, жағымды қарым-қатынас орнату көзделеді.
Іс-шара барысында оқушыларға жылы лебіздер айтылып, апталықтың мақсаты мен жоспарланған іс-шаралар таныстырылды. Ашылу салтанаты жағымды психоэмоционалдық ортада өтіп, оқушылардың белсенді қатысуымен ерекшеленді.

15 желтоқсан күні мектеп логопеді Досай Гүлмира Бақдәулетқызының жетекшілігімен 10 «А» сынып оқушыларымен бірлесіп «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Қайырымдылық акциясы барысында сынып оқушылары үйлерінен түрлі тәттілер пісіріп,дайындап әкеліп мектептің АКТ залында жәрмеңке ұйымдастырылып, сатылды. Жәрмеңке барысында түскен қаражатқа мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен екі оқушыға қыстық куртка мен баскиімдер сатып алынып, табысталды. Бұл қайырымдылық акциясын алдағы уақытта мектептің басқа сыныптарымен ұйымдастырып, өткізу жоспарлануда. 

15 желтоқсан күні Кәсіби бағдар беруші Г.Момбекованың ұйымдастыруымен «Мамандық таңдауда ата-ананың рөлі» тақырыбында 9–11 сынып оқушылары арасында пікірталас өткізілді.Пікірталастың негізгі мақсаты – оқушылардың мамандық таңдаудағы көзқарасын қалыптастыру, ата-ананың бала болашағына ықпалы туралы ой қозғау, өз пікірін еркін жеткізе білуге, дәлелмен сөйлеуге және сыни ойлауға дағдыландыру болды.Іс-шара барысында оқушылар екі топқа бөлініп, «Ата-ананың таңдауы маңызды» және «Бала өз мамандығын өзі таңдауы тиіс» деген ұстанымдар бойынша өз ойларын ортаға салды. Қатысушылар өмірлік мысалдар келтіріп, шынайы жағдайларды талқылай отырып, өз көзқарастарын дәлелдей білді. Пікірталас белсенді әрі тартымды өтті.Пікірталас қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталып, мадақтама қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.Іс-шараны ұйымдастырған педагог – кәсіптік бағдар беруші Момбекова Гүлнұр Нәтижесінде оқушылар мамандық таңдауда ата-ана ақылының маңыздылығын түсініп, сонымен қатар жеке қабілет пен қызығушылықты ескеру қажеттігін ұғынды. Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға оң ықпалын тигізді.


17 желтоқсан күні педагог ассистент Ақбаева Айдананың ұйымдастыруымен 2А - 2Ә сыныптар арасында оқушылармен “Кім жылдам” көңілді қоңырау өткізілді.
Көңілді қоңыраудың мақсаты: оқушылардың ұйымшылдығын арттыру, жылдам ойлау қаблетін дамыту, бір-біріне мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу. Ойын барысында оқушылар берілген тапсырмаларды тез орындап белсенділік танытты.
Іс-шара оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, достық қарым - қатынас нығайтуға ықпал етті. Қатысушыларға ойынға қызығушылықпен қатысып өзара қолдау көрсетті.

17 желтоқсан күні мектеп психологы С.Ахметова мектебімідегі ЕББҚЕ (ерекше білім беруді қажет ететін) оқушылармен 2 сынып оқушысы Оразәлі Жалғас,3сынып оқшысы Авелхан Арсен,4 А сынып оқушысы Ратушный Фарухпен «Менің жетістігім» тақырыбында мотивациялық сабақ ткізілді.
Сабақтың мақсаты – ЕББҚЕ оқушылардың оқу үдерісіне деген қызығушылығын арттыру, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру, белсенділікке ынталандыру және жағымды эмоционалдық орта құру.
ЕББҚЕ оқушылармен өткізілген мотивациялық сабаққа оқушылар сынып жетекшілерімен бірге қатысып, белсенділік көрсетіп, жоғары қызығушылық танытты. Сабақ соңында оқушылардың ынтасы мен белсенділігі ескеріліп, марапатталды.

18 желтоқсан күні әлеуметтік педагог М.Нургамитованың ұйымдастыруымен «Жақсылық себеті» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу және әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету.
Іс-шара барысында оқушылар, және мектеп ұжымы тәттілер, кеңсе тауарлары, гигиеналық заттар жинап, арнайы дайындалған «Жақсылық себетіне» салды. Жиналған көмек әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ қамқоршылықтағы оқушыларға таратылды.
Бұл іс-шара оқушылардың бір-біріне жанашырлық танытуына, жақсылық жасауға деген ынтасын арттырды. Балалар қайырымдылықтың маңызын түсініп, қоғамға пайдалы болудың жолдарын үйренді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қатысушылар белсенділік танытты. «Жақсылық себеті» акциясы мектеп ұжымының бірлігін нығайтып, оқушылардың рухани дамуына оң әсерін тигізді.

17 желтоқсан күні арнайы маман Н.Әуелбекованың ұйымдастырумен «Көңілді қоңырау»іс-шарасы ұйымдастырылды.Іс шараның мақсаты-оқушылардың көңіл күйін көтеру,шығармашылық қабілеттерін дамыту және апталықтың мазмұнын,мақсатын жандандыру болды.
Көңілді қоңырау барысында әуендер қойылып,қызықты ойындар ұйымдастырылды.Оқушылар белсенді қатысып,өз өнерлерін көрсетті.Іс шарадан оқушылар көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер алды.Іс шара барысында тәртіп сақталып,қаупсіздік ережелері толықтай қамтамасыз етілді.
Қортындылай келе, «Көңілді қоңырау» іс шарасы өз мақсатына толықтай жетіп,ойындарға қатысқан оқушылар марапатталды.

19 желтоқсан күні Кәсіби бағдар беруші Г.Момбекованың ұйымдастыруымен 8–10 сынып оқушылары арасында «Мамандықтың бір күні» тақырыбында Жайдарман әзіл кеші өткізілді.Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту, сахналық мәдениетін қалыптастыру, топпен жұмыс жасауға және еркін ой білдіруге баулу болды.
Жайдарман әзіл кеші 4 турдан тұрды:
I тур – Таныстыру,II тур – Үй тапсырмасы,
III тур – Әзіл,
IV тур – Би.
Әр тур барысында қатысушы командалар түрлі мамандық иелерінің бір күндік жұмысын әзіл-қалжың арқылы сахналады. Оқушылар актерлік шеберліктерін, тапқырлықтарын және шығармашылық ізденістерін жоғары деңгейде көрсете білді. Көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі әрі мазмұнды кеш болды.Іс-шара соңында үздік командалар анықталып, мадақтамалар мен сыйлықтармен марапатталды.Жайдарман кешін ұйымдастырған педагог – кәсіптік бағдар беруші.Іс-шара оқушылардың мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар алуына және шығармашылық тұрғыда дамуына оң ықпалын тигізді.

«Мейірім – өмір шуағы» арнайы мамандар апталығының аяқталуында мектеп ұжымымен бірлесе отырып, ұстаздар мен кіші қызметкерлерге арналған «Көңілді кеш» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға арналған ситуациялық қызықты сұрақтар қойылып, психологиялық ойын-жаттығулар жүргізілді. Кеш барысында ұжым мүшелері белсенділік танытып, жағымды көңіл күйде өзара қарым-қатынас орнатты.
Сонымен қатар шай мен тәттілер ұсынылып, іс-шара жылы, достық атмосферада өтті. Көңілді кеш ұжым бірлігін нығайтып, жағымды психоэмоционалдық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.
Іс-шараның мақсаты
Мектеп ұжымы, ұстаздар мен кіші қызметкерлер арасында ынтымақтастықты арттыру, жағымды психологиялық орта қалыптастыру, мейірімділік пен өзара қолдауды нығайту, ұжым мүшелерінің эмоционалдық сергітуін қамтамасыз ету.

Қорытынды:Мейірім – өмір шуағы» арнайы мамандар апталығы жоспарға сәйкес жоғары деңгейде өткізілді. Апталық барысында ЕББҚЕ оқушылардың қатысуымен және мектеп ұжымымен бірлесе ұйымдастырылған түрлі іс-шаралар өткізілді.
Атап айтқанда, «Көңілді кеш», «Көңілді қоңыраулар», «Жақсылық себеті», «Жақсылық жасап жарысайық» қайырымдылық акциясы және психологиялық бағыттағы ойын-жаттығулар оқушылар мен ұжым мүшелерінің белсенді қатысуымен өтті.
Өткізілген іс-шаралар ЕББҚЕ оқушылардың әлеуметтік бейімделуіне, мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, сондай-ақ мектеп ұжымында жағымды психоэмоционалдық ахуал орнатуға ықпал етті.
Апталық өз мақсатына толықтай жетіп, қатысушылар тарапынан оң пікірлерге ие болды