«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні»
03
март
2026

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні»

Құрметті педагогтер, ата-аналар! 
2025–2026 оқу жылында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай білім беру ұйымдарында ата-аналардан қаражат жинауға, сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен педагог қызметкерлерге сыйлықтар алуға қатаң тыйым салынатынын ресми түрде хабарлаймын.
Бұл шешім Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы талаптарына сәйкес қабылданды, Білім беру саласында ашықтықты, әділдікті, заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
🔹 Сынып, топ немесе ата-аналар комитеті тарапынан қаражат жинауға жол берілмейді.
🔹 Педагогтер мен басшыларға кез келген материалдық сыйлық жасауға тыйым салынады.
🔹 Мерекелік іс-шаралар тек балалардың шығармашылық құттықтауларымен (қолдан жасалған бұйымдар, ашықхаттар, өлеңдер, концерттік бағдарламалар) шектелуі тиіс.
Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тәртіптік шаралар қабылданатын болады.
Құрметпен. "Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Б.Абдилдаева