Педагог-ұйымдастырушының 2020-2021 оқу жылындағы іс -шараларының қорытынды есебі » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог-ұйымдастырушының 2020-2021 оқу жылындағы іс -шараларының қорытынды есебі
24
март
2022

Педагог-ұйымдастырушының 2020-2021 оқу жылындағы іс -шараларының қорытынды есебі

«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Педагог –ұйымдастырушы және « Жас Ұлан»   республикалық  біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыратын мектепішілік іс-шаралар   жоспары бойынша жүргізілген жұмыстардың анықтамасы
              «Х.Көбіков атындағы орта мектепте 2020-2021 оқу жылында бірінші тоқсан пандемияға байланысты қашықтықтан оқытылды. Осыған сәйкес,атқарылған шаралар мен жоспарланған отырыстар онлайн түрде өткізілді. 
28.08.2020  ж күні   №130 бұйрықты негізге ала отырып, «Жас Ұлан» ұйымы  жұмыстарының және педагог-ұйымдастырушының  2020-2021 оқу  жылына арналған жұмыс жоспары  құрылды. 
1-қыркүйек білім күніне орай , «ҚР Конституциясына 25 жыл» , «Ұлы Абайдың 175 жылдығы», « Әл Фарабидің 1150жылдық»    мерейтойын қамтыған тақырып аясында  онлайн салтанатты жиын өткізілді.  Жиында мектеп директоры Б.Қожақанқызы онлайн түрде оқушыдар мен ата-аналар, ұстаздарды білім күнімен құттықтады. 
 
04.09. күні және 08.09. күні  «Жас Ұлан» ұйымының  онлайн отырысы болды. Отырыста «Жас Ұлан» және «Жас қыран»   ұйымдарының, жылдық жоспары, ережесі, жаңа топ мүшелерін сайлау ,  Мектеп президентін ұсыну, оны сайлау арқылы бекіту мәселелері қозғалды. 
09.09. күні дауыс берудің нәтижесінде мектеп президенті болып, 10 сынып оқушысы Жұмахан Ару мектеп президенті болып сайланды. «Жас қыран» ұйымының басшысы болып, 4 сынып оқушысы Есберген Нұрай сайланды. 
                14.09.2020 күні Адалдық сағаты аясында «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет 
Яссауи» атты  1-11 сынып оқушылары арасында адалдық сағаты өтті. Адалдық сағатының мақсаты: Оқушыларды әділдікке үндеу, игі іс жасауға талпындыру. 
 
28.09.2020 күні «Денсаулық –зор байлық» тазалық эстафетасы өткізілді. Пандемияға
байланысты түсінік жұмыстары жүргізілді. 
 
Алтын ордаға 750 жылдығына орай мектептің тарих пәні мұғалімі Б.Байтұрова ,Сарыбел ауылдық округінің кітапханашысы Ә. Метербаевамен бірлесе отырып, онлайн дәріс өткізді. Әлеуметтік желіге орналастырып, оқырмандарға табыстады. 
  
13 қазан отбасы күніне орай, педагог –ұйымдастырушы Ғ.Абдрахманова «Отбасы –бақыт мекені» атты сұхбат жүргізді. Сұхбатқа ауылымыздың, ауданымыздың құрметті азаматы Нұрбосын атай , жары екеуі өнегелі істерімен жауап берді. 
        Қазақстан  Республикасы халықтарының Тілдер күніне орай «Тіл-ар айнасы»  онкүндік өткізілді. 
              5 қыргүйек –тілдер мерекесіне байланысты , онкүндік жоспары құрылып, бекітілді.  Мақсаты : Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл туралы түсініктерін кеңейту, шығармашылыққа баулу. 
08.09.2020 пеадог –ұйымдастырушы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Абдрахманованың ұйымдастыруымен ҚР Тіл туралы заңы және тіл тарихы, тіл байлығы туралы бейнероликтер жасалып, 1-11 сынып оқушыларына таныстырылды. Сынып жетекшілер сынып сағаттарында оқушыларға, баяндап өтті. 
10.09.2020 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Омарова 6-8 сыныптар арасында «Туған тілім-айбыным» атты шығармалар байқауын ұйымдастырды. Оқушылар тілге деген құрметін, ойларын өз шығармаларында өте жақсы жеткізген. Қашықтықтан өткендіктен, әрқайсысына кері байланыс жасалып, шығармалары талданды. Үздік деп танылған оқушылардың жұмыстары әлеуметтік желілерге орналастырды. 
10.09.2020 орыс тілі пәні мұғалімдері С.Арпынова мен Б.Кегенбаева мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. 
11.09.2020 ағылшын тілі пәні мұғалімдері «Amazing animals» бейнероликтер әзірледі. Оқушылар ағылшын тілінде сүйікті жануарлары туралы баяндады. 
12.09.2020 ағылшын тілі мұғалімдері С.Тезекбаева , А.Жердентапқанова «Enjoy English» оқулар ұйымдастырды. 
15.09.2020 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  С.Рахимжанова мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Үздік деп танылған оқушыларға облыстық, республикалық байқауларға жолдама алды. 
 
 
Тіл апталығының материалдары әлеуметтік желіге толықтай орналастырылды. 
           06.10.2020 Буллинг және кибербуллинг туралы сауалнама жүргізілді.  Саулнама нәтижесі жақсы, қысым көретін оқушы болмағаны қуантты. Сауалнамаға, 5-11 сынып оқушылары толық қатысты. 
 
 
Қарттар күніне «Дария кеуде, тау мүсін, қаттарым аман-саумысың?!»  атты қамқорлық акциясын  ұйымдастырылды. 8 сынып оқушылары Анаят атайдың үйіне барып, ауласын тазаласып, жәрдем берді. 
02.10.2020 күні «Мектептің жаны- мұғалім» атты мектеп ұстаздарына арналған мерекелік кеш болды. Жас Ұлан ұйымының жастары ән айтып, өлең оқып, жүрекжарды тілектерін арнады.  Бала тәрбилеудегі еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан ұстаздарымыз аудандық білім бқлімінің алғыс хатымен марапатталды.   Осы тұста ,ақысыз үйірме жетекшісі , көркем еңбек пәнінің мұғалімі Е.Майкутовтің жетекшілігімен 10 сынып оқушысы Өміржан Жайдар аудандық, облыстық «Ұлы технологиялардың алғашқы қадамы» атты сайыста,  құрылыс жобасы номинациясы бойынша тұрғын үйдің макетін жасап , жүлделі 3 орынға ие болды. 
  
 
07.10.2020 күні Белгілі спортшы Ардақ Назаровпен адалдық сағаты өткізілді. Антикор ұйымының тапсырмасына орай, оқушылар назарына жеткізіліп, әлеуметтік желіге орналастырылды. 
 
  13.10.2020   күні Көркем еңбек пәні Е.Майкутовтың жетекшілігімен 1-5 сыныптар арасында «Менің Отаным –Қазақстан»  суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Бала қиялы қашанда жүйрік , барлығы өз туған жерін, Отанын, Қазақстанның көрікті жерлерін бейнеледі. Суреттер әлеуметтік желіге жүктелді. 
 
 
  16.10.2020 күні педагог-ұйымдастырушы Ғ. Абдрахманованың жетекшілігімен , Азамтаттық құқық негіздері атты видеодәріс даярланды. Сынып жетекшілер арқылы 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттарында талқыланды. 
 
   20.10.2020 күні Қазақстанның киелі орындарын таныстыру мақсатында  виртуалды   саяхат       әзірленді. 
    26.10.2020 күні  «ЖасҰлан»  ұйымының онлайн отырысы болды. Бірінші тоқсандағы   атқарылған жұмыстар мен  екінші тоқсандағы мақсат –міндеттер талқыланды. 
Пандемияға байланысты екінші тоқсанда да оқушылар қашықтықтан білім алуды жалғастырды. Қараша айында аудандық және облыстық «Адал ұрпақ» слеті, «Стоп жемқорлық» байқауы және «Адал еңбектің жарқын көрінісі атты байқауларға мектеп оқушылары «Үздік банер» , «Үздік презентация» , номинациялары бойынша үздік деп танылған жұмыстар жіберілді. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай, "Жас Ұлан", "Жас Қыран" бірыңғай балалар ұйымының қатары толықты. Оқушыларға ұйымның мақсат- міндеттері , атрибуттары таныстырылды. Ұйым қатарына оқушыларды ата-аналары қабылдап, ант берді.  Мектеп директоры Бағдат Қожақанқызы жүрекжарды тілегін арнады.
 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай , 1-11сынып оқушыларына Президент күнінің  аталып өтуі туралы, қай мемлекетте аталатыны туралы бейне таныстырылым жасалды.
Жас  дарындар композиторлардың  патриоттық әндерін орындап, сый  арнады. Жас буынның алар асуы әлі алда, тек қанаттары талмаса екен дейміз. Мектебімізде өтіліп жатқан әрбір іс-шара жас ұрпақтың саналы болуы үшін жасалып жатқан игі амалдар.
Адал ұрпақ еріктілер клубының ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол берме!» атты  сурет көрмесі ұйымдастырылды.
 
 
16-22 желтосқан аралығында Антикор ұйымының нұсқауы бойынша кезекті «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында өмірі мен шығармашылығы әділдік пен адалдық қағидаларымен ұштасқан Сәкен Сейфуллиннің рухани-адамгершілік мұрасына арналған дәстүрлі онлайн адалдық сағаты өтті. Сәкен Сейфуллин – мемлекет және саяси қайраткер, ақын және жазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ халқының жандануы мен өркендеуі үшін өз өмірін қиған қазақ қайраткерлерінің тобына жатады. Сәкен Сейфуллиннің сан қырлы күрделі болмысындағы ерекше қасиеттерінің бірі – жас ұрпақтың білім-ғылымына деген адалдығы.
 
 
Адал ұрпақ клубының жұмыс жоспары бойынша, Қыздар ұйымының мүшелері «Адал еңбектің жемісі» атауымен қолөнер бұйымдарынан онлайн көрме жасады. 
 
 
Екінші тоқсан бойынша, мониторинг жүргізер болсақ ,
ҚЖ-қоғамдық жұмыс,СҚ-сабаққа қатысуы, Т-тәртібі.
 
Қаңтар айында  қысқы демалысты жоспарлау бойынша «Қазақстан балалары –қысқы ғажайып» атты оқушылардың қысқы демалысын жоспарлау бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, барлық шаралар атқарылды.
31 желтоқсан мереке қарсаңында, Х.Көбіков аом ұжымы, мектеп директоры Б.Қожақанқызы өзі бастап, санитарлық талаптарды сақтай отырып, ауыл тұрғындарына профилактикалық шаралар жүргізіп, үй- үйді аралап жадынама таратып шықты. Елдегі пандемияның өршіп тұруы, балалардың , ауыл тұрғындарының топталып жиналмауы,  көшеде бей- берекет жүрмеу туралы, толық ескертілді.
 Екінші тоқсан да аяқталуына орай, қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі туралы жадынамалар таратылып, әр сыныпқа тәрбие сағаттары өткізілді.
 
"Қазақстан балалары - қысқы ғажайып" жобасы аясында мектебіміздің оқушылары "Біздің отбасымыздағы жаңа жыл" фотожобасына ат салысып, отбасылық суреттерін ұсынды. Мақсаты: Отбасы арасындағы қарым- қатынасты нығайту, отбасылық сыйластық пен үлгі , өнегені нығайту.
 "Қазақстан балалары-қысқы ғажайып" қысқы демалысты жоспарлау барысында мектебіміздің 4 сынып оқушылары "Ашық хат" , 2-3сыныптар жаңа жылдық ойыншықтар жасады. Мақсаты: Оқушылардың бос уақытын тиімді үйлестіру, шығармашылыққа баулу болып табылады.
 
Қазақстан балалары- қысқы ғажайып " атты қысқы демалыс аясында мектебіміздің Жастар ұйымы "Жаңа жылдық бетпердені" өз қолдарымен жасап , көрерменге ұсынады. Негізгі мақсаты: Балаларды еңбекке баулу, қолөнерге бейімдеу, шығармашылық жұмыстарын дамыту.
 
"Қазақстан балалары -қысқы ғажайып" жобасы аясында, 5-6сыныптар арасында Жастар ұйымының бастауымен "Отбасылық жәдігерлер" виртуалды көрмесі болды. Оқушылар өз үйлеріндегі, ыстық заттарын, жәдігерлерін ұсынды. Мақсаты : отбасы жәдігерлері  арқылы отбасылық дәстүрлері мен құндылықтарының адамдар ұшін маңызды екеніне көз жеткізу.«Жәдігер» -иран тілінен –реликвия, естелік дегенді білдіреді. Жәдігер -  ұрпақтан ұрпаққа қалдырылатын зат. Әр түрлі тарихи ақпараттардың айтылуы бойынша –жәдігерлер  - адамның сезімі, отбасылық оқиға немесе отбасылық құпия жайлы заттар. Заттар да сыр, құпия сақтайды екен, көп нәрсе туралы айта алады екен.Еске түсіріңіз, сіздің отбасыңызда киелі, қасиетті , ешкімде жоқ, ешкімдікіне ұқсамайтын зат бар шығар?  Бұл заттар бұрынғы заман туралы естелік. Көп отбасыларда осындай реликвияларға фотосуреттер, зергерлік бұйымдар, көне ыдыстыр, кітаптар және т.б заттар жатады. 
 
Жастар ұйымы "Кел, бірге оқиық" атты акция ұйымдастырды. Оқушылар өздері оқыған әдеби кітап туралы таныстырылым жасады.
 Панфилов ауданы Білім Бөлімінің ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа жол жоқ" атты челлендж ұйымдастырған болатын. "Х.Көбіков аом МДШО"КММ- нің "Адал ұрпақ" клубы өз ойларын қосты. 
Адал ұрпақ клубының жұмыс жоспарына сәйкес," Х.Көбіков аом МДШО" КММ- де 3 "а"сынып оқушылары "Менің бос уақытым" атты онлайн көрмеге ермексаздан әртүрлі заттар жасады. Шығармашылық жұмыс баланың қиялын шыңдап, арманға жетелейді. Ойына қанат бітіреді, әрі пайдалы. Өз қолдарымен әртүрлі заттардың мүсінін, қалыбын жасады. 
 
Қазақ халқының біртуар перзенті, ақын Қ. Аманжоловтың 110 жылдығына орай "Өзге емес, өзім айтам өз жайымда" атты 9 сыныпта әдеби сабақ қашықтықтан өткізілді. 9 сынып оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқыды. 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Панфилов аудандық   тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен сайыста 5 сынып оқушысы Әбутәліп Айқын дипломмен марапатталды. 
Панфилов аудандық Жаркент көркемөнер –сәулет музейінің М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген жарыста , 9 сынып оқушысы А.Хусайын   2 орынды иеленді.  
Қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақиық ақын М. Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай , ПҰ    Ғалия Құрманжанқызының ұйымдастыруымен    қашықтықтан  " Поэзия, менімен егіз бе едің?" атты Мұқағали   оқулары өтті. Математика пәні мұғалімі Досай Ұлбосын,  Информатика пәні мұғалімдері Тұрдығазы Назерке, Мұқашбай Ардақ, бастауыш қазақ тілі мұғалімі Мәдижан Назира, ағылшын тілі мұғалімі Метербай Данара, педагог- психолог Қолдасбекова Аида ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Мектеп директоры Бағдат Қожақанқызы  ұстаздарымызға алғысы мен тілегін арнап, ризашылық білдірді.
Панфилов ауданы Х.Көбіков аом- тің 9-11 сынып оқушылары республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектеп директоры Бағдат Қожақанқызы арнайы тілегін айтып, грамоталарын өз қолымен табыстады.                                  
   1.  А. Батырғали - 9 сынып, биология пәні- 1 орын, жетекшісі Б.Есенова;                           2. Д. Шәміл -  11   сынып, биология пәні-2 орын, жетекшісі Ж.Смағұлова;                                           3. Қ. Мырзахан - 11 сынып, Қазақстан тарихы- 3 орын, жетекшісі Р.Көкшебаева;                  4. Қуанышбек Сағынай -11 сынып, информатика пәнінен, жетекшісі- А. Мұқашбай;                                          
5. Ш.Қасеке - 9 сынып, химия пәнінен- 2 орын, жетекшісі   Ә. Қасымова.
6. Мэльс Жанна - 9 сынып, математика пәнінен- 3 орын, жетекшісі Ұ. Досай. 
 
1 наурыз алғыс айту күніне орай, жастар ұйымы мектеп ұстаздары мен оқушыларына арнап, өз тәттілерін ұсынып, алғысын айтты. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушылары мен мектеп түлектеріне арнап, сыйлық ұсынды. 
 
"Алматы облыстық білім басқармасының  Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі ММ"- нің нұсқаулығын негізге ала отырып, " 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай, " Анаға тағзым күні" деп жоспарланды. Мақсаты: Әйел- ананың қоғамдағы, отбасындағы қадірін ұғындыру, анаға деген ізеттілікке шақыру.  Осыған байланысты,        " Анаға хат" атты шара 9 сынып оқушылары арасында өтті. Оқушылар өз аналарына деген құрметін ақ парақ пен ашық хат арқылы жеткізді. 
 
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай, «Жастар ұйымы»  «Ұстаз -ана» атты шағын мерекелік кеш өткізді. Педагог-психолог А.Қолдасбекова  баяндама оқып, Мұхтар Серік, Нұрәлім Томирис ән айтып, Д.Мұқажанова, С.Хусайын аналар туралы өлең оқыды. Аудандық білім бөлімінің алғыс хаты ұстаздарымызға , техникалық қызметкерлерге табыс етілді.
«Ұшқыр ой» жобасы аясында 7 сынып оқушылары арасында Ұ. Досайдың жетекшілігімен   «Латын әліпбиіне көшу заман талабы ма?» атты турнир өтті. 
 
Ұлыстың ұлы күніне орай, 5-9 сынып қыздары арасында, «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жетекшісі  Б.Қасеновамен бірлесе отырып, «Көктем аруы» байқауы өтті. Байқауға қатысқан қыздар бар өнерлерін салып, белесене қатысты. Бас жүлдені 7 «а» сынып оқушысы Б.Баймырза жеңіп алды. 
 
"Қаламгер" дебат клубының мүшелері  "Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер" атты дөңгелек үстел өткізді. Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 30 жыл  уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасалды. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.       
«Ұлы Даланың жеті қыры»жобасы аясында көркем еңбек пәні Г.Момбекованың жетекшілігімен «Сәндік өолданбалы өнер» бұйымдары жасалды.Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі . 
 
     20 наурыз бен 31 наурыз аралығында көктемгі каникул кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру мақсатында,іс-шаралар жоспары бекітілді. Балалардың зияткерлік әлеуетін , ақыл –ойын дамыту мақсатында және таным көкжиегін кеңейту шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында тұрлі шаралар жасалынды. Елімідегі пандемияға байланысты, өткізілген іс –шаралар бейнероликтер жасалынып, әлеуметтік желіге орналастырылды. "Қазақстан балалары- Көктем шақырады" жобасы аясында, 20 наурыз күні, "Даналық пен білім күні" тақырыбымен, 7 сыныптар арасында сүреттер салды. Оқушылар наурыз айымен бірге келетін жылулық пен тіршіліктің оянуын, қылқаламмен барынша жеткізуге тырысты.
                  

«Даналық пен білім күніне орай» 6 сынып жетекшісі  А. Омарованың   жетекшілігімен тарихи тұлғалар туралы бейнеролик жасалып, оқушыларға таныстырылды. Оқушылар би-шешендердің сөздерін жатқа оқып, кері байланысқа шықты.

"Қазақстан балалары- Көктем шақырады" жобасы аясында 21 наурыз " Ұлттық тағамдар күні" деп белгіленген болатын. Осыған сәйкес, 7 сынып жетекшісі.     Ұ. Досай "Ұлттық тағамдар туралы бейнеролик әзірлеп, оқушылар назарына ұсынды.
 "Қазақстан балалары- Көктем шақырады" жобасына сәйкес,  «Ұлыстың ұлы күніне» орай , 2 сынып жетекшісі Г.Сәрсенбаеваның жетекшілігімен, онлайн түрде «Наурыз мерекесінің шығу тарихы» туралы ашық сабақ өтті. Оқушылар ұлттық меркенің тойлану тарихынан хабардар болды.  
«Табиғат күні» аясында 6 сынып жетекшісі С.Болатаеваның жетекшілігімен «Табиғат-ана» туралы шығарма жазды. 
 
3 сынып жетекшісі А.Абишеваның жетекшілігімен оқушылар табиғат туралы сурет салды.
 
«Музей күні» аясында денешынықтыру пәні мұғалімі  Е.Есеновтің жетекшілігімен, «Музей күніне» орай 9 «ә» сынып оқушыларына Ш.Уалихановтың музейі туралы виртуалды саяхат ұйымдастырылды. Оқушыларға музей туралы таныстырылым жасады.
«Оқу және жазу мәдениеті» күніне орай, Мектеп кітапханашысы Н.Матенованың ұйымдастыруымен әдеби кітаптардың тізбесі таныстырылып, талдау жасады.  
«Игі істер күніне» орай, 8 сынып жетекшісі С.Көкенованың жетекшілігімен мектебіміздегі «Қамқоршылар» тобы қарт кісілердің ауласын тазалап, ізгі амал жасады.
 
«Отбасылық қонақ күту» күніне орай, 5 «а» сынып жетекшісі Ж.Смағұлова және 3 сынып жетекшісі Б.Қасенованың жетекшілігімен «Отбасылық қонақ күту және оларға табақ тарту» туралы кеңінен мағлұмат берілді.  
31 наурыз күні «Қазақстан балалары-көктем шақырады» жобасы аясында «Блогерлер күні» деген атаумен , Адал ұрпақ клубының мүшелері балалық шақ туралы өз ойларымен бөлісті. Оқушылардың ішінде дәлелді сөздер мен тұщымды ой айтқан оқушылардың сөздері әлеуметтік желіге салынды. 
  
        Жоспарға сәйкес, 5 сәуір адамгершілік күніне орай, балалар құқығын қорғау өкілдіктерінен құралған үшелері арасында адамгершіліксағаты өтті. Жастар ұйымының мүшесі Өсім іңкәр бейнеролик әзірлеп, таныстырылым жасады. 
Бейнеролик мектеп парақшасына жарияланды. 
Жоспарға сәйкес, ақысыз үйірме дебат клубының ұйымдастыруымен оқушылар арасында мектепішілік дебат өтті. 
Мақсаты :-Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; 
 -Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту
 -Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу
  Турнир  Ұ.Досай мен Ғ.Абдрахманованың жетекшілігімен АПФ  форматы бойынша ұйымдастырылды. Талқыға түскен қарар: Бұл палата интернетті пайдалы деп санайды» және «интернетті зиянды» деп санайды. Екі фракция арасында тартыс қызықты өтті. 
Мектепішілік дебат турниріне  «Жас талап» және «Қаламгер» тобының мүшелері қатысты. Жеребе арқылы «Өкімет»  - Жас талап»,  «Опозиция» - «Қаламгер» тобы болып белгіленді. Дебаттағы әділқазы мүшелерінің шешімімен мен «Жас талап» тобының мүшелерін басымырақ деп есептеді.    
  
Жастар ұйымының батауымен, оқушыларымыз «Табиғат-ана»  атты телеэссе жобасын ұйымдастырды . Оқушыларымыз табиғат туралы толғана, ой бөлісті.
 
Адал ұрпақ ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес, адалдық туралы шығарма жазылып, үздік оқушылардың шығармалары желіге жарияланды. 
 
9"а", 9 "ә", 9"б" сынып қыздары арасында "Білген" бәйге атты интелектуалды сайыс өтті. Сайыста барлық пәннен сұрақтар қамтылып, логикалық тапсырмалар шешілді.  Үй тапсырмасына берілген эссені қорғап шықты. Мектеп директоры Б.Қожақанқызы бастап, төрелік етіп, оқушыларға сәттілік тіледі. Нәтижесінде 9 "а" - Эврика тобының қыздары бірінші орын алды. Парасат майданына қатысып, шеберлігін сынайтын аруларымыз көп болсын!
 
  
1- мамыр "Ынтымақ пен бірлік" күні мерекесі қарсаңында , мектебіміздің "Жас Ұлан" "Жас Қыран"  біріңғай ұлттық балалар  мен жасөспірімдер ұйымы жаңа  оқушылармен толықты. "Жас қыранға" 12 оқушы , "Жас Ұланға" 24 оқушы онлайн түрде қабылданды. Вацап мессенджері арқылы оқушыларға ұйымның анты, атрибуттары таныстырылды. Мектеп директоры Б.Қожақанқызы өз тілегін жеткізді.
 
9- мамыр жеңіс күні қарсаңында, АӘД пәнінің мұғалімі Н.Майкутов " Жас сарбаз" үйірмесінің  оқушыларына саптық жүріс, әскери тәртіп пен қағида, Жеңіс рухы туралы түсіндіріп, пандемияға байланысты шағын саптық жүріс ұйымдастырды. 
 
9- мамыр Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай, "Адал ұрпақ" клубы мүшелері "Ерліктің даңқы өшпейді" атты сурет көрмесін жасады. Сурет көрмесіне 5-8 сынып оқушылары өз еңбектерін ұсынды. Мақсаты: Ерлік рұхы туралы, Ұлы Жеңістің мағынасын кеңінен насихаттау.
 
Пандемияға байланысты,  1-8,10 сынып оқушылары үшін "Соңғы қо6ырау" салтанатты жиыны онлайн өтті. Биылғы "Білім" тақырыбына арналған салтанатты жиынға мектептің табысты түлектерінің бейнеүндеуі ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ , мектеп директоры Бағдат Қожақанқызы мектеп жетістіктеріне тоқталып, барлық оқушыларға табыс тілесе, халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Нұрслан Мұхаметбайұлы, Панфилов аудандық әкімшілігінің кітапхана меңгерушісі Дария Бекжігітқызы, Сарыбел ауылдық округінің әкімі Мерей Дулатұлы, Жаркент қаласы әкімінің орынбасары Мөлдір Ибрагимова , кәсіпкер Жандос Абилов ағайлар ізбасар іні- қарындастарына ақ тілегін арнады . Бейнеүндеулер сыныптардың чаттарына жіберілді.
Панфилов аудандық білім бөлімінің 129 бұйрығын негізге ала отырып, мектебімізде 9,11сынып оқушыларына "Сәт сапар, Жас түлек! " атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. 2021 соңғы қоңырау салтанатты жиыны "Білім" тақырыбына арналды. Мектебіміздің "білім кілтін" аманат ретінде 11 сынып оқушысы "Алтын белгіге" үміткер Ахмет Ақпейіл, озат оқушы , облыстық байқаулардың жеңімпазы 10 сынып оқушысы Жұмахан Аруға табыс етті.
 
Мектебімізде  "Тәуелсіздік ұландары" атты мектеп бітіру кеші өтті. Мектебімізді   2020-2021оқу жылын тәмамдаған  12 түлектің, 1-і  "Алтын белгі" , 3-і "Үздік аттестат" иегері атанып, ата- ана мен мектеп ұжымын қуантты. Мектеп директоры Бағдат Қожақанқызы түлектерге ақ жол тілеп, өз алғысын жеткізді
 
 
1 –маусым балаларды қорғау күніне орай  "Бақытты бала- бақытты ел" акциясы аясында "Нұрлы жол" атты 2 - блок жоспарына сәйкес, ауылымыздың ұстаз- ардагері Күртебаева Гүлзағира апаймен , педагог- ұйымдастырушы                      Ғ. Абдрахманова " Мұғалім- мәртебелі мамандық" атты сұхбат алды. Мектебімізде 35 жыл еңбек еткен, ұстазымыз салиқалы ойларымен бөлісті
Рәміздер күніне орай , әлеуметтік желіге «Мақтанышым –рәміздер» атты онлайн сынып сағаттары өткізілді. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жыл бойы жүргізген қорытындысына сәйкес, мектеп формасы, оқулық сапасы , күнделік ұстауы жақсы деген бағаға ие болды. 
Қоғамдық жұмыстар мен іс-шараларға қатысуын , тәртібін диаграмма арқылы белгілеп отырды.Төртінші тоқсан офлайн кезіндегі мониторингісі тқмендегідей: 
  Жоғарыда аталған іс –шаралардың SWOT талдауын көрсетсек, төмендегідей :
Жақсы жағы 
Әлсіз жағы Мүмкіншіліктер 
  1. Оқушылар іс –шараларға белсене қатысады.
  2. Ата –аналардың тарапынан өте жақсы қолдау көрсетіледі. 
  3. Онлайн кезіндегі шаралар толық жүзеге асты. 
  1. Дебат қозғалысын жандандыру .
1. Бірін –бірі бағалауы 
2. Ата-ана, оқушы, мұғалім  арасындағы сенім мен сыйластықты жандандыру.   
3. Психологиялық ахуал тудыру.
4. Оқушы жұмысын жандандыру, жауапкершіліктерін арттыру