2023-2024 оқу жылындағы 4 сыныптағы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісіне жүргізілген дайындық жұмыстарының талдауы » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылындағы 4 сыныптағы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісіне жүргізілген дайындық жұмыстарының талдауы
02
октябрь
2023

2023-2024 оқу жылындағы 4 сыныптағы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісіне жүргізілген дайындық жұмыстарының талдауы

2023-2024 оқу жылындағы 4   сыныптағы
білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісіне жүргізілген дайындық жұмыстарының талдауы
Сыныбы: 4 
Оқушы: 23 
    2023-2024 оқу жылының қыркүйек айында 4  сыныбында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісіне дайындық жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес қосымша сабақтар жүргізіліп, тест жұмыстары алынып отырылды. 
Жалпы мектепшілік  қыркүйек айында ББЖМ дайындық 2тест алынды. Тест нәтижесінде төмендегідей нәтиже көрсетті.
Пән15.0929.09
Оқу сауаттылығы6565
Жаратылыстану сауаттылығы6960
Математикалық сауаттылық6560
Дайындық барысында қиындық балалардың меңгеруінде қиындық тудырған мақсаттарға келер болсақ,
Жаратылыстану – ғылыми сауаттылығы бойынша:
1. Жүйке жүйесінің маңызы;
2. электр тогы;
3. Сезім мүшелерін ажыратуда қателесті;
4. Жыртқыш жануарлар мен шөпқоректі жануарларды ажырату барысында қателік жіберді
Математика сауаттылығы бойынша
-шамалар өлшем бірліктерін түрлендіру
-үш таңбалы сандарға көбейту алгоритмі
-санды көбейтіндіге көбейту, бөлу
Оқу сауаттылығы бойынша
- мәтін мазмұнына сай мақалды табу барысында қателесті;
- кейбір оқушылар мәтіндегі негізгі ойды анықтауда;
- мәтінде сипаттау кезінде көркемдік құралдарды анықтау барысында қателесті.
  Осы аталған тақырыптардан балалар көптеген қателіктер жіберіп, қосымша дайындық сабақтарында талданды. 
Тест нәтижелерін байқап тұрсақ оқушылар қыркүйек айында төмен көрсеткішті көрсетсе, қазан айында қосымша сабақтарда жұмыс жасау мақсатқа қойылды. Дайындық барысында оқушылард АКТ құралдарымен жұмыс істеу деңгейін арттыру мақсатында түрлі платформалар, сайттар қолданылды.  Гугл формда  с жаттығу тесттерімен балалар кіріп тапсырып жүрді. Және де тест спецификасына сәйкес математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы бойынша оқушыларға тест құрастырылып, тест нәтижелері лезде алынып отырылды. 
Сонымен қатар балалармен мектеп психологы  С.Ахметова   жұмыс жасап, түрлі дайындық трейнингтерін өткізді. Ата – аналарға ББЖМ тесті жайлы ақпарат беріліп, ата- аналар жиналысы хаттамасына кіргізілді. ББЖМ  тест нәтижесі мен даму мониторингісі уақытылы ата- аналармен таныстырылып отырылды. 
ДОІЖО       Н.Рахимбекова