шығармашылық топ жұмыс жоспары » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » шығармашылық топ жұмыс жоспары
16
март
2022

шығармашылық топ жұмыс жоспары

Шығармашылық топ жұмыс жоспары
"Ізденіс»  педагогтарыныңШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫ
1. Жалпы ереже
1.1. Шығармашылық тобы – бұл мектеп дамуын басым бағыттары бойынша қамтамасыз ететін, мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын іздестіру мақсатында жаңашылдықты анықтауға, құруға, қорытуға және енгізуге негізделген шығармашылық тұрғыда біріккен ерікті кәсіби педагогтар бірлестігі.  
1.2.  Шығармашылық топ өз жұмысында білім саласына қатысты ҚР  заңдылықтарын, мектепке дейінгі білім беру ұйымы туралы Типтік         ережені басшылыққа алады.
1.3.  Шығармашылық топ жетекшісі және оның құрамы мектеп директорының        бұйрығымен бекітіледі.
1.4. Осы ереженің мерзімі шектеусіз. Ереже жаңасын қабылдағанға дейін        әрекет етеді.
1.5. Шығармашылық топ мектеп дамуының жекелеген бағыттары бойынша        құрылады.
1.6.  Шығармашылық топ өз құрамынан төрайым және  іс жүргізетін хатшыны         сайлайды. 
 1.7. Шығармашылық топ отырысы оның құрамының үштен екісі қатысқан        жағдайда құқылы күшінде деп есептеледі.
1.8.  Оқу жылы аяғында шығармашылық топ құжаттары сақтау үшін           әдістемелік бөлмеге қабылданады (сақтау мерзімі 5 жыл).
1.9.  Шығармашылық топ тоқсанына 1 рет Педагогикалық кеңесте         педагогикалық ұжымға өз қызметінің барысы және нәтижесі туралы         ақпарат береді.
1.10. Шығармашылық топ қызметін бақылауды инновация бағыты бойынша әдіскері жүзеге асырады.
           
2. Шығармашылық топ қызметінің мақсаты мен міндеттері
2.1. Мектептегі шығармашылық топ қызметінің мақсаты мектеп педагогтарының кәсіби қарым-қатынасын орнатуға жағдай құру,  олардың  шығармашылық белсенділігін дамыту, кәсіби біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және жетілдіру.
2.2. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешіледі: 
ортақ қызмет барысында кәсіби мәселелерді, оқыту және тәрбиелеу қиындықтарын шешу, инновациялық үрдісті меңгеруде бір-біріне көмек беру.шығармашыл пікірлес-педагог ұжымын қалыптастыру.жаңа педагогикалық әдістемелерді, технологияларды, дидактикалық материалдарды, сабақ конспектілерін дайындау, құру, апробациялау және кеңінен тарату.
3. Шығармашылық топ қызметін ұйымдастыру
3.1. Шығармашылық тобы мектепке дейінгі білім беру ұйымы педагогтарының немесе әкімшіліктің бастамасымен құрылады. Шығармашылық топ қызметі осы Ережемен және шығармашылық топтың ағымдық оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен реттеледі. 
3.2. Шығармашылық тобы еңбек өтілі әртүрлі педагогтардың қандай да бір мәселеге қызығушылықтарының бірлігі негізінде ерікті бас қосқан  топ болып табылады.
3.3. Педагогтарының шығармашылық тобы ағымдық оқу жылына арналған өз жұмысының жоспарын құрады. 
3.4. Шығармашылық топ жетекшісі шығармашылық топ мүшелері таңдаған және ұжымның нәтижелі қызметінің формаларын ұйымдастыру дағдыларын меңгерген педагог болып табылады. Жетекші шығармашылық топ жұмысының тақырыбын, әдістері мен формаларын құру стратегиясын ұсынады, материалдарды қорытады, жүйелейді, ұсыныстарды талдайды және оларды топ талқысына шығарады..
3.5. Шығармашылық тобы барлық мәселені алқа болып шешеді, әрқайсысы қарастырылған тақырыпты дайындауға қатысады.
Педагогтар – шығармашылық топ мүшелері өзіндік практикалық материалдарын ұсынады, топ жетекшісінің және ұжымның шығармашылық тапсырмаларын орындайды, ұсынылған материалдарға қатысты өз пікірін білдіреді.
3.6.    Шығармашылық топ отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі.
3.7. Шығармашылық топ жұмысының формасы іс-әрекеттің нәтижелі сипатында болады: теориялық баяндамалар, хабарламалар, семинар-практикумдар, пікірталастар, пікірсайыстар, іс-әрекеттің ашық көрсетілімі.
3.8. Шығармашылық топ жұмысының қорытындысы педагогикалық кеңесінде тыңдалады. 
4. Шығармашылық топ мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
4.1. Шығармашылық топ мүшелерінің құқықтары
4.1.1. Топ мүшелерінің құқығы бар:
шығармашылық топ жұмысының жоспарын мектепке дейінгі ұйымның жұмыс жоспарына және оның даму бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс беруге;мектепке дейінгі ұйым әкімшілігінен шығармашылық топты ғылыми, материалдық т.б. тұрғыда қамсыздандыруды талап етуге; мектепке дейінгі ұйымның шығармашылық топ мүшелерінің және басқа да педагогтарының педагогикалық шығармаларын, инновацияларды апробациялауға, тәжірибеге енгізуге.
4.2. Шығармашылық топ мүшелерінің міндеттері
4.2.1. Шығармашылық топ мүшелері міндетті:
педагогтардың жаңа идеяларымен танысуға, басым идеяларды айқындауға;педагогтар арасында өзара көмекті, өзара оқытуды  жүзеге асыруға;ұсынылған идеялардың механизмін, алгоритмін, әдістеме формасында жүзеге асыру жөніндегі шығармашылық үрдісті ұйымдастыруға. 
4.3. Шығармашылық топ мүшелерінің жауапкершілігі
4.3.1. Шығармашылық топ мүшелері жауапкершілік алады:
шығармашылық топ құжаттарын дайындау сапалылығына;тәлімгерлік, шығармашылық үрдіс барысын жүйелі қадағалауға;апробация нәтижелерін объективті тұрғыда бақылауға;шығармашылық ізденістер, өзара оқыту жөніндегі жұмыстар нәтижесі туралы әкімшілікті ақпараттандыруға.
5. Шығармашылық топтың құжаттары мен есебі
Шығармашылық топ жетекшісі келесі құжаттардың болуына, мазмұнына,  оның жүргізілу мәдениетіне жауапкершілік алады:
шығармашылық топтың жұмыс жоспары;шығармашылық топ отырысының хаттамасы, онда талқыланған мәселелер, құрылған идеялар, нұсқаулар педагогтардың шешімі, сабақ конспектісі, ұсыныстары түрінде тіркеледі.әдістемелік ұсыныстар, нұсқаулар, құралдар шығармашылық топ жұмысының нәтижесіне дәлел болады.
6.Құрамы
2.1. Шығармашылық тобы жетекшісі Б.Байтурова және педагогикалық құрам: Қасымова Ә, Рахимбекова Н, А.Далабаева, А.Абишова, А.Омарова, С.Болатаева, Р.Көкшебаева, Л.Уразбекова, Е.Ибраимов
                                                                                                                    
Шығармашылық топтың  жұмысының кезеңдері
КезеңдеріМақсаты
1ДайындықЗерттеушілік қызметтің мақсаттрын,міндеттерін анықтау
2ҚалыптастырушыҒылыми-әдістемелік базаны кеңейту, педагогикалық шығармашылықты дамыту
3ТалдаушылықАлынған ақпаратты талдау
4ҚоланушылықЖоспарлау, реттеу,әдістемелік база жасау: ұсынымдар, бюллетендер, семинарлар
5ҚорытындыЖалпылау, қорытындыларды қалыптастыру
Шығармашылық топтың 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Іс- тәжірибеМұғалімнің аты- жөніЖүргізілетін іс-шараларМерзімі
ЗерттеуБ.Байтурова . Қасымова Ә, Рахимбекова Н, А.Далабаева, А.Абишова, А.Омарова, С.Болатаева, Р.Көкшебаева, Л.УразбековаКәсіби құзыреттілігін зерделеу;
Динамикасын жасау;
Кеңестер беру;
Курстардан өту;
Тәлімгерлік қызмет ұйымдастыру;
Баяндамалар жазу;
Ашық сабақ даярламаларын баспаға дайындау.
Қыркүйек
Қараша
Кестеге сәйкес
ЖалпылауБ.Байтурова . Қасымова Ә, Рахимбекова Н, , А.Абишова, А.Омарова, С.Болатаева, Р.Көкшебаева, Л.УразбековаБаспа беттерінде жариялану жұмыстарын ұйымдастыру;
Облыстық, республикалық семинар, конференцияларда
баяндамалар оқу;
тәлімгерлік қызмет жасау;
өзара сабақтарға қатысу;
бастамашылдық көрсету
Жыл бойы
Жоспарға сәйкес
Кестеге сәйкес
Үнемі
ТаратуБ.Байтурова . Қасымова Ә А.ДалабаеваКәсіби сайыстарға қатысу;
Әдістемелік құрал- жабдық даярлау;
Он- лайн семинарға қатысу;
Жоспарға сәйкес
Жыл бойы
Кестеге сәйкес

 Өткізілетін іс-шараларМерзіміЖауаптылар
1Шығармашылық топтың отырысы.Жылына 4 рет
(тамыз, қараша, қаңтар, сәуір)
Жетекші Б.Байтурова
2Жас мамандарға тәлімгерлер бекіту.ТамызЖетекші Б.Байтурова
Тәлімгер Ә.Қасымова
3Перспективалық жоспарлау, технологиялық карталар жасауҚыркүйек, жыл бойыЖетекші Б.Байтурова
Мұғалімдер
5 Жаңа технологияны сабақта қолдануЖыл бойыЖетекші,
Мұғалімдер
6«Жаңа дәуір мектебі: жаңа көзқарас»  белсенді оқу әдіс тәсілдерін ұсыну семинарыҚарашаЕ.Ибраимов
7Мұғалімдердің сабақтарына әдістемелік көмек көрсетуТоқсанына кем дегенде
8 рет
Жыл бойы
Шығармашылық топ
8«LESSON STUDY:
Қиындықтар мен фактілер және оның шешу жолдары» семинар
ЖелтоқсанБ.Байтурова
Н.Рахимбекова
Е.Ибраимов
9Вариативтік сабақтардан ашық есік күнін ұйымдастыруапталықтардаМұғалімдер
10«Жаңа буын үшін жаңа мұғалім»
үштілділік бойынша озық тәжірибелер семинары
АқпанИнформатика
пәні мұғалімдері
11«Z ұрпақтарын
оқыту әдістері»
психологиялық семинар
СәуірС.Ахметова
12Жылдық есеп. Шығармашылық топтың қорытынды отырысы. Педагогтардың шығармашылық есептеріМамырЖетекші Б.Байтурова
Мұғалімдер