04
апрель
2022
Жолдау
Х.Көбіков атындағы орта мектеп мемлекет басшысы Қ.К Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауы ұжым мүшелеріне таныстырылып өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде : Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру. Бұл нені білдіреді?
Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады.
Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз. Әрбір азаматтың конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеміз. Мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз.
Маңызды шешімдер жұртшылықтың қатысуымен ашық қабылданады. Өйткені, мемлекет әр азаматтың үніне құлақ асады. Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады." деген еді.