Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі
27
декабрь
2024

Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі

Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Қысқы демалыс-балалардың демалып жаңа қуат жинайтын,отбасымен бірге уақыт өткізетін тамаша кезең.Бірақ осы уақытта балалардың қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз ету-бәріміз үшін ең басты міндет.
Балалардың қысқы демалысын қауіпсіз әрі тиімді өткізу үшін төмендегі ережелерді сақтауды ұсынамыз.
1.Мұз айдындары мен су қоймалары:
Мұздың қалыңдығы жеткіліксіз болуы мүмкін.Балалардың мұз үстінде ойнауына немесе сырғанауына рұқсат етпеңіз.
2.Жол қауыпсіздігі:
Қыс мезгілінде жолдар тайғақ болады.балаларды жолда мұқият болуға үйретіп,көше ережелерін еске салу маңызды.
3.Отпен абай болу:
Пештер немесе электр құралдарын қолдану кезіндегі қауіпсіз ережелерін сақтаңыз.Балалардың үйде жалғыз қалмауын қадағалаңыз.
4.Шаңғы және шана  тебу:
Балалар сырғанау кезінде арнайы қауіпсіз орындарды таңдағаны жөн.Жол бойында немесе қауіпті жерлерде шана тебуге жол бермеңіздер.
5.Интернет қауіпсіздігі:
Баллардың интернетте өткізетін уақытын бақылап,олардың зиянды контентке ұшырамауын қадағалаңыз.

Құрметті ата-аналар!
Балалардың денсаулығы мен өмірі-біздің ортақ жауапкершілігіміз.
Қысұы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп,олармен қауіпсіздік ережелерін талқылауға уақыт табуларыңызды өтінеміз.
Баршаңызға бақытты,қауіпсіз және есте қаларлыққысқы демалыс тілеймін!

Ізгі ниетпен
Мектеп директоры Абдилдаева.Б



Похожие публикации:

08 июнь 2023 жадынама
04 январь 2023 Қысқы демалыс