Тарих және ағылшын апталығы
“Х.Көбіков атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен” КММ
АНЫҚТАМА
27.11.2025 - 09.12.2025 аралығындағы тарих және ағылшын апталығы өтті
Тақырыбы: English History week
Х А Т Т А М А
Апталық мақсаты: Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру.
Жоспар бойынша ашық сабақтар:
- “ English History week ” апталықтың ашылуы 5 сынып Тезекбаева С, Жердентапканова А 27.02.2025
- “Қыпшақ хандығы” 6 сынып Байтурова Б 27.11.2025
- “Doda Battle” интеллектуалды ойын7 сынып . Жердентапканова А 01.12.2025
- “Holydays and travel ”7 сынып Жердентапқанова А,
- “Describing people” 6 сынып Болатаева С 08.12.2025
- «Professions» 5 сынып Тезекбаева С 09.12.2025



“Қыпшақ хандығы” 6 –сынып Байтурова Б 27.11.2025 күні ашық сабақ өтті, оқушылар тарихымызды жақсы білетінін көрсетті. Тәуелсіздік ең басты құндылық екенін айтып өтті , оқушылар белсенді, егемендігіміз баянды болу үшін, ұрпағымыз тарихын білгені маңызды, Аты аңызға айналған бұл тәуелсіздігіміздің тарихында небір батырлық дастандары мен оқиғалары мәңгі өшпес жазулармен жазылған. Олар біз үшін ешқашан өшпейтін мұра болмақ. Себебі бұл әрбір қазақ білуге тиісті үлкен тарих. Тәуелсіздік ол- мәңгі бақыт, таусылмас жыр-дастан, өшпес тарих. Ал оның тұғыры мәңгі берік болып жалғасуы бізге байланысты. Атадан балаға тараған құнды сыйды сақтап оны әрі қарай жалғастыру бізге берілген парыз сондай-ақ асыл мұра ретінде қалған аманат, сол үшін бәріміз жауаптымыз. Сабақ барысында мұғалім жасанды интеллект арқылы Қазақстанның тарихи музейлерін онлайн аралатты. Сабақ жоғары дәрежеде өтті


Күтілетін нәтиже:Қазақстан Республикасының халықаралық аренада танылуына баға береді; Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдармен байланыстарын талдау арқылы қорытынды жасайды;

“Holidays and travel ” 7 сынып Жердентапқанова А ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың транпорт түрлерін ағылшын тілінде айтуы, айтылым дағдысын дамыту. Сабақ барысында мұғалім мен оқушылар түрлі транспортпен саяхат сабағын көрсетті. Мұғалім «Flipped classroom» Төңкрілген сынып әдісін пайдаланды.Сабақ қызықты әрі оқушыларға пайдалы болды. Оқушылар диалог құрып, қай мемлекетке саяхатқа барғысы келетінімен бөлісті.

5-сыныпта Тезекбаева С. “Professions” тақырыбында сабақ өткізді. Мұғалім оқушылармен амандасып, ой ашар жүргізіп , “Air writing” әдісі арқылы ауаға тақырыпқа қатысты сөздерді жазып, тақырыпты ашу әдісін жасады, оқушылар ауаға жазылған сөздерді айтқызды. Сыныпты “Pilot” және “Fire Fighter” деп екі топқа бөліп, топтарға тапсырма берілді. Негізгі бөлімде оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, мәтінмен жұмыс жүргізді. “CCQ әдісі” арқылы оқушылар сиқырлы қорапшадан мәтінге байланысты сұрақтар алып, жауап берді. Топтық, жеке тапсырмалар орындалып, “Who is faster?”, “Wheel” ойындары жүргізілді. Сабақтың соңында оқушылар өздеріне алдын ала берілген бағалау парақтары арқылы бағаларын атап өтті.Мұғалім сабақтың мақсатына жетіп ,оқушылар нақты бағаларын алды.

«Describing people » 6сынып оқушыларымен Болатаева С ашық сабақ өтті .Сабақ барысында оқушылар өздерінің жақсы көретін актерларын сипаттады, олардыңрөлдері жайында ақпарат берді. Қазақстанның танымал актері Асанали Ашимовтың еңбектерін екі топқа бөліп «Cinema» кино саласындағы жұмыстарын, «Theatre» театрда ойнаған рөлдерін жазды. ЖИ көмегімен Асанали Ашимов оқушыларға тапсырма берді. Оқушылар тақырыпқа қатысты жаңа сөздерден сөйлем құрады.
