15
март
2022
Психолог кеңесі
БАЛАНЫ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУҒА БЕЙІМДЕУ
1-сынып оқушылардың ата-аналарына арналған кеңестер
Бірінші кеңес:Балаңызға беру қажет нәрсенің ең маңыздысы – бұл сіздің ықыласыңыз.
Шыдамды болыңыз: оның мектеп туралы айтатын әңгімелерін зейін қойып тыңдаңыз, нақтылайтын сұрақтар қойыңыз.
Есіңізде болсын: сіз үшін онша маңызды емес нәрсе, сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз үшін сол күнгі толқуға толы оқиға болып шығуы мүмкін!
Өз балаңызды зейін қойып тыңдаңыз: сонда балаға сіздің қандай көмегіңіз керектігін, мұғаліммен не туралы сөйлесу қажеттігін, сіз онымен мектеп жанында қоштасқаннан кейін баламен шын мәнінде не болатындығын түсіне аласыз.
Мектеп оқушысына ананың да, әкенің де ықыласы қажет. Оған үй тірліктерімен, теледидар қараумен немесе компьютермен«сөйлесумен» араластырмай, арнайы ол үшін уақыт бөлуді ұмытпаңыз.
Есіңізде болсын!
«Балаңыз теріс қылықтар жасап, махаббатқа лайық болмаған кезде аса зәру болатыны - сіздің махаббатыңыз, сіздің мейіріміңіз»
(поляк педагогы, жазушы Януш Корчак).
Егер бала сіздің оның істері мен жұмыстарына көңіл бөлгеніңізді көрсе, ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді.
Екінші кеңес:
Баланың мектеп оқушысы болу талпынысын қолдаңыз, оқуға деген ықыласын дамытыңыз және көтермелеңіз.
Балаңыздың мектептегі істері мен жұмыстарына деген қызығушылығыңызды шын жүрекпен білдіріңіз.
Оның жетістіктерін айтып отырыңыз, мақтауға сараң болмаңыз. Оның әрбір жұмысында міндетті түрде оны мақтауға болатын нәрсе тауып отырыңыз.
Есіңізде болсын!
Мақтау мен эмоционалдық қолдау («Жарайсың!», «Сондайжақсы орындадың!») баланың зияткерлік жетістіктерін арттырады.
Үшінші кеңес:
Балаға жаңа өмір тәртібіне дағдылануға көмектесіңіз.
Баламен ол мектепте кездескен ережелер мен нормаларды талқылаңыз. Олардың қажеттілігі мен жөнділігін түсіндіріңіз.
Балаңызбен бірге күн тәртібін құрыңыз, оның сақталуын қадағалаңыз.
Күн тәртібі бірінші сынып оқушысының өмірінде аса маңызды. Баланың өмірінде жинақылықты, тәртіптілікті қажет ететін жаңа міндеттер пайда болды – күн тәртібі еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге, жаңа өмір жағдайларына үйренуге көмектеседі.
Баланың үй тапсырмасын орындау ұзақтығын (бірінші сыныпта – оқуды қоса алғанда 1-1,5 сағат), сондай-ақ ұйқы уақытын (толыққанды демалу үшін ұйқы тәулігіне 9-10 сағаттан кем болмауы тиіс) бақылаңыз.
Есіңізде болсын!
Күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін белсенді қимыл әрекеттерімен, зияткерлік және дене әрекеті түрлерін алмастырып отыру қажет. Қаралатын телебағдарламалардың санының (және сапасының) және компьютерде ойын ойнау уақытының азайтылуын қадағалаңыз.
Төртінші кеңес:
Баланың мектепжұмыстары мен қиыншылықтарына қатысты сабырлылық сақтай біліңіз.
Бала мектептен келді– оны сұрақтың астына алуға асықпаңыз, өзін еркін ұстауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның ренжіп тұрғанын көрсеңіз, кейінірек сабырлы әңгіме барысында оның мазасыздығының себебін білуге тырысқан дұрыс.
Есіңізде болсын!
Бала үшін бірнәрсе істей алмау, бірдеңені білмеу – бұл қалыпты жағдай. Ол сол үшін де баланы – бұл үшін кінәлауға болмайды. Кінәлау баланың өз-өзіне бағасын түсіреді, өзіне деген сенімділікті жоғалтады.
Баланың қателесуге құқығы бар. Сіздің балаңыз мектепке оқу үшін келді. Адам бірдеңені үйренгенде, бірден меңгеріп кетпейді, бұл табиғи нәрсе.
Ата-анасының байсалдылығын, сенімділігін көргенде, бала мектептен қорықпау керектігін сезінеді.
Бесінші кеңес:
Балаңызға құрдастарымен қарым-қатынас орнатуға және өзін сенімді сезінуге көмектесіңіз.
Көпшілдігі үшін балаңызды мақтаңыз, оның мектептегі барлық жаңа таныстықтарына қуанышты екендігіңізді айтып білдіріңіз.
Онымен құрдастарымен араласу ережелері туралы сөйлесіңіз, балаңызға басқалар үшін қызықты болуға көмектесіңіз.
Оған жаңа ойындар үйретіңіз, оны жаңа достарына көрсете алады.
Балаңыздың сыныптастарын үйіңізге шақырыңыз — қарапайым шай ішу, ал кішкентай үй иесі қонақ күтуді үйренеді.
Балаңыздың мектептегі жолдастарының көңілін қымбат ойыншықтармен немесе киіммен «сатып алу» дұрыс емес. Бұлай сіздің балаңыз өзінен-өзі басқаларға қажет болуды үйренбейді. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптастарының іштарлығына, құптамауына ұшырауы мүмкін.
Өзіне сенімді, көпшіл бала кез-келген жағдайға тезірек әрі байсалдырақ бейімделеді.
Алтыншы кеңес:
Өз балаңыздың мектептегіжетістіктерінеқатысты парасатты бола біліңіз.
Өз балаңызды мектеп күнделігінің қосымшасына айналдырмаңыз. Мектептегі жетістіктер, әлбетте, маңызды. Бірақ бұл – балаңыздың бүкіл өмірі емес.
Мектептегі баға — балаңыздың осы уақыттағы осы пәннің осы тақырыбы бойынша білім көрсеткіші. Ол баланың жеке тұлғасына мінездеме бермейді!
Өз балаңызды басқа оқушылармен салыстырмаңыз. Балаңызды мектептегі жетістіктері үшін мақтаңыз және есіңізде болсын, ешқандай «бестіктер» саны балаңыздың бақытынан маңызды бола алмайды.
Балаңыздың алғашқы сәтсіздіктеріне сіздің үмітіңіздің күйреуі деп қарамаңыз.
Есіңізде болсын: сіздің балаңызға оған сенім артқаныңыз, ақылды көмегіңіз, қолдауыңыз өте қажет.
Жетінші кеңес:
Балаңызға біріншісыныптың біріншіжартыжылдығында артық жүк артпауға тырысыңыз.
Балаңыз мектептен келе салысымен бірден үй тапсырмасына отырғызған дұрыс емес. Оған 2-3 сағат демалыс беріңіз, немесе, мүмкін болса, балаға 1,5 сағаттық күндізгі ұйқы ұйымдастыруға тырысыңыз.
Бала сабағын дайындап отырған кезде, оның жанында төніптұрмаңыз. Сабақтарына өзі дайындалсын! Сіздің міндетіңіз орындау емес, көмектесу.
«Мүмкін емеске қол жеткізуге» тырыспаңыз! Балаларыңызды қосымша сабақтар: музыка, шетел тілі, бассейн, мәнерлеп сырғанау, сурет өнері және т.с.с үйірмелерге беріп, одан «кішкентай ұғымтал» жасауға тырыспаңыз.
Бала бұндай жағдайда өзіне қожайын емес, ол үшін басқалар шешім қабылдайды, оның үстіне, кейде оның қалауына қарсы, оның қызығушылықтары, тілегі мен күші ескерілмейді.
Сабақтардың уақыты бойынша да, саны бойынша да ұтымды мөлшерлеу табыңыз. Бұл жерде асыра сілтеу оңай. Ал нәтиже қандай болмақ? Кейде ол қауіпті, себебі бала үлкендердің нұсқауы бойынша орындалатын нәрселерді үнсіз жек көре бастайды, және көшеге еркіндікке, ешкім бақыламайтын жаққа қарай ұмтылады.
Жауап қарапайым: бала танымы тұрғысынан қараңыз. Оны қызықтыруға, еліктіруге тырысыңыз, мәжбүрлемеңіз, күштемеңіз.